Неліктен Дикий Арман түрмеде өз-өзіне қол жұмсамақ болды?
Коллаж: Orda.kz
Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арманның) қорғаушылары Қостанайдағы тергеу изоляторында не болғаны туралы жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Адвокат Елена Жигалёноктың сөзінше, Жұмагелдиевке адвокат жіберілді. Сондай-ақ, кесілген жерін дәрігерлер қайта тікті. Арманның денсаулығы қазір бірқалыпты.
Адвокат оның құқығы еленбегеніне наразы болып, осындай әрекетке барғанын айтты.
«Ол озбырлыққа және оның құқықтарының бұзылуына наразылық ретінде өз тамырын кесіп тастады. Жалпақ тілмен айтқанда, құқығынан айырылған тұтқындарды жан-жақтағы мекемелерге таратып жібергенін білесіздер. Бұл қорғау құқығын өрескел бұзу, өйткені үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», – деді Жигалёнок.
Сот ісіне дейін айыпталушыларға отбасымен және адвокатымен сөйлесуге мүмкіндік болмады.
«Аппеляцияға қалай дайындалып жатырмыз? Біз өтініш жасадық, бұндай заңсыз бұйрықтарды кім бергенін нақты білгіміз келеді. Кейін оларға шағымданамыз».
Бұл іс бойынша тағы бір сотталушы – ҰҚК бесінші департаменттің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов Көкшетау тергеу изоляторында аштық жариялады. Бұл туралы оның қорғаушысы Евгений Яворский хабарлады.
Алайда Ысқақовтың адвокаты оған бара алмаған, сондықтан аштықтың себебі әлі белгісіз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық