Неліктен блогерлерді вакциналау насихатына тартуға болмайды
PR-шы Ринат Балғабаев блогерлерді вакциналауды насихаттауға тартуға болмайды деп санайды.
Толығырақ Orda.kz сайтында.
Жұлдыздардың, блогерлердің және «халық сүйіктілерінің» вакциналауға шақырудағы жауапкершілігі туралы айта отырып, этика туралы ұмытпау керек, деді Ринат Балғабаев Qasqa Jol YouTube арнасындағы сұхбатында.
— Мен басқа блогерлерді вакциналауға шақырмаймын. Бұл менің этикам. Бұндай жауапкершілікті мен ешкімге жүктей алмаймын. Менің аудиториям шағын болғанымен, оларға әсер ете алатынымды білемін. Сауабы бар болса ғана әсер етуге дайынмын. Біреулер насихаттың арғы жағын ойламайды. Бұл пайда әкеле ме, зиянын тизіге ме дегенді ойламай ақшанын артынан жүгіреді. Вакциналауды насихаттап жүрген блогерлердің көп бөлігі тіпті өздері вакцина салдырмаған. Кейбіреулері салдырса да аудиториясына айтпайды. Мұндай оқиғалар да бар, - деп бөлісті блогер.
Сондай-ақ, ол денсаулық сақтау министрінің блогерлер мен жұлдыздар арқылы вакциналауды насихаттау туралы мәлімдемесіне қатысты өз көзқарасын білдірді.
— Менің министрге өкпем бар. Ол блогерлер мен жұлдыздарды вакциналауды насихаттауға тартатынын айтты. Не үшін? Менің білуімше, ешкім ешкімге ақша төлемеген. Бұл 100 пайыз. Өткен жылдың 16 наурызынан бастап мен бетперде киіп жүрдім, әрі бетперде киген алғашқы блогер болдым. Бұл үшін маған ешкім бір тиын төлеген жоқ. Оқиғаға қалыпты көзқарасты насихаттау, менің азаматтық ұстанымым болды. Енді министрдің мәлімдемесі мұны тегін жасайтын адамдарды жексұрын етіп көрсетеді. Министр вакциналау жүйесіне күмән келтіреді. Мысалы, басқа адамдар: «Мен сенің нұрбот екеніңді білмедім» деп жазады. Ондайда қолыңды сілтей саласын, - деді Ринат Балғабаев.
Көп адам екпеден діни көрқарасқа байланысты бас тартты.
— Дін тыйым салғандықтан емес. Адамдар вакцинаның харам еместігіне көз жеткізбей, оны салдырмайды. Дін қайраткерлері жұлдыздар мен атақты адамдарға қарағанда көбірек жауапкершілікке ие. Қазақстандық вакцинаны салдыруға уәде берген, бірақ спутникпен егілген Президент өз сөздерінің салмағын көрсетті, – деп қосты Ринат.
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық