«Неке қиғанымызға небары 8 ай»: Сорбұлақтағы тікұшақ ұшқышының келіншегі жан сырын ақтарды
Фото: Orda.kz
Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасына батып кеткен EC-145 тікұшағында болған Аман Амангелдінің жары отбасын құрғандарына небары 8 ай болғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналист Гүлмира Әбіқайдың желідегі парақшасында әскери тікұшақта болған ұшқыштың жары Нұрайдың жан тебірентерлік үндеуін айтты. Жазбада Нұрай мен Аман осыдан небары 8 ай бұрын шаңырақ көтергені жазылған.
«Табылмаған тікұшақ ішінде менің жан жарым қалды. Некеміз қиылып, отбасын құрғанымызға 8 ай ғана болды. Тікұшақта ұшқыштар белдігін тағып отырады ғой, сол себепті шыға алмай қалған болуы мүмкін. Әйтпесе, секіріп аман қалуға болар ма еді?», – деді жас келіншек.
«Тікұшақ құс емес қой, сонда қайда жоғалды?» дейді ұшқыштың туыстары. Радардан Отар маңында жоғалған тікұшақтың бөлшектері 200 шақырым жерден, Сорбұлақ маңынан табылды. Алайда, нақты мәлімет аз, алып-қашпа әңгіме көп. Көлдің түбі — батпақ, лайлы. Алматының кәріз сулары құйылатындықтан, іздестіру жұмыстары қиындады. Қазір тікұшақта болған үш азаматтың туыстары үміт пен үрейдің ортасында отыр.
Айта кетейік, 25 шілдеде Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті. Бортта үш экипаж мүшесі болған. Ал 28 шілдеде тікұшақтың сынықтары Сорбұлақ маңынан табылды. Күні кеше қорғаныс министірі Дәурен Қосанов Сорбұлаққа келіп іздестіру-құтқару жұмыстарын бақылап кетті. Осымен іздестіру жұмыстары алтыншы күнге қарады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық