«Неге өсе береді?»: Доллардың ресми бағамы 500 теңгеден асты
Валюта айырбастау пунктерінде бірнеше күн бойы америкалық валюта 500 теңгеден сатылып жатқаннан кейін, қор биржасында да доллардың бағамы жоғарылап жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 27 қарашадағы USD/KZT жұбы бойынша күндізгі сауда ресми түрде 500,42 теңгемен жабылды (+1,84 теңге күн ішінде).
Ал Ұлттық банк бекіткен ресми доллар бағамы 27 қарашада одан төменірек: 498,55 теңге болды. Түсте KASE-де долларды 499,51 теңгемен саудаланған. Ал ең жоғары сатылған америкалық валютаның бағасы биржада 502,45 теңгеге жетті.
Алматы, Астана және Қазақстанның басқа қалаларындағы айырбастау пунктерінде доллар бір аптадан астам уақыт бойы 500 теңге немесе одан жоғары бағада сатылып жатыр. 18 қарашада Астанада доллар 500 теңгеден, Алматыда 499,5 теңгеден сатып алынған.
2024 жылдың 19 қарашасында Қазақстан Ұлттық Банкі ұлттық валютаны қолдау үшін шара қабылдағанын жариялады. Соған сәйкес, «Қазмұнайгаз» және «Қазатомпром» секілді мемлекеттік компаниялардың экспорттаушылары валюталық түсімдерінің жартысын сату міндеттемесін алды.
Алайда теңгенің әлсіреуіне бірнеше ішкі және сыртқы факторлар әсер етіп отыр. Олар: әлемдік нарықтағы доллардың нығаюы, мұнай бағасының төмендеуі және мемлекеттік бюджет тапшылығына қатысты қаржылық қиындықтар.
Жаңалықтар
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді
- Маңғыстауда жасөспірім қызды бірнеше адам жабылып ұрып-соққан
- «QARMET» АҚ-ға 1,5 млрд теңге залал келтірген ҰҚТ-ның 13 қатысушысы сотталды
- Тоқаев: Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады
- Тоқаев Құрылтай спикері қызметіне Айбек Дәдебайды ұсынды
- Тоқаев 16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салуды қолдады
- Тоқаев Құрылтайдың басты міндеттерін атады
- Әлемде жаңа тәртіп қалыптасып жатыр. Ол кереғар сипатқа ие - Тоқаев
- Президент: Өткен қайғы-қасіретті ұлттық болмысымыздың арқауы етуге болмайды
- Мемлекеттердің, әсіресе ірі елдердің арасындағы сенімге селкеу түсті — Тоқаев
- Тоқаев: Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды
- Тоқаев үкіметті таратты
- Алматыда клубтан шыққан қыздың шашынан сүйреп, аяусыз соққыға жыққан
- Тойдан кейін төрт адамға оқ атылған: Жамбылда бес тұрғын 17 жылға сотталды