Неге Назарбаев пен Атамбаевтың арасында кикілжің туды?
Қырғызстанның «Социал-демократтар» партиясының көшбасшысы Темірлан Сұлтанбеков Қырғызстан мен Қазақстанның экс-президенттері Алмазбек Атамбаев пен Нұрсұлтан Назарбаев арасында неге кикілжің шыққанын айтты.
Оның айтуынша, 2016 жылы екі президент «Ата-Бейіт» мемориалына гүл қою рәсімі кезінде сөзге келіп қалған. Бұл туралы Kaktus.kg хабарлады.
«2016 жылы 16 қыркүйекте ТМД мемлекеттерінің басшылары кеңесінің жиыны өтті. Ертеңіне Алмазбек Атамбаев 60 жасқа толған туған күнін атап өткен. Таңертең 1916 жылғы көтеріліс кезінде құрбан болғандардың мемориалына гүл қою үшін ТМД президенттері «Ата-Бейітке» бармақ болып, резиденция алдындағы боз үйдің маңына жиналады. Бұған Ресей президенті Владимир Путин әрең көнген» дейді Темірлан Сұлтанбеков.
Оның айтуынша, осы кезде Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді бейітке бармауға көндіреді.
«Ол: «Бұл шара орыстарға қарсы бағытталған. Атамбаев – ұлтшыл. Түпкі мақсаты – елдердің арасына шоқ салу» деп айтып қалады. «Орта Азияда Қырғызстаннан басқа бірде-бір мемлекет бұл қайғылы оқиғаның жүз жылдығын ресми түрде атап өтпейтінін» баса көрсетеді. Бұған шамданған Атамбаев қатқыл жауабы береді. «Назарбаевтың жасында Құдайдан ғана қорқу керек. Құрбан болған ата-бабаларды сыйлау керек» дейді».
Осылайша, Назарбаев пен Атамбаевтың арасында кикілжің туады. Ал Путин үнсіз бәрін тыңдап тұрады. Дегенмен Путин бейіт басына гүл апарып қояды.
Назарбаев бірден Қазақстанға ұшып кетіпті.
Осыдан кейін Атамбаев «Қазақстан қырғыз сайлауына араласты», «қазақ билігі ұры» деп сын айта бастады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық