Неге өкпені КТ-ға түсіру бір аптаға созылып жүр? – Табынбаев
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев неге тұрғындар өкпесін компьютерлік томографияға түсіру үшін бір апта күтуге мәжбүр деген сұраққа жауап берді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны Гүлнәр Умарова өкпенің компьютерлік томографиясын (КТ) рәсімдеуді ұзақ уақыт күту керектігі туралы айтқан. 12 тамыз жазылған адам 19 тамызда ғана компьютерлік томографиядан өте алады.
Умарованың айтуынша, адамның жағдайы КТ-ны күтіп-ақ нашарлауы мүмкін.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Оның айтуынша, оған себептердің бірі – емханалардың тек «Orhun Medical» медициналық орталығымен келісім жасауы. Салдарынан барлық аурухананың науқастары сол орталыққа барып, ұзын сонар кезек күтеді.
– Алматы қаласында қазір томография жасалынатын 27 компьютерлік орталық бар. Оның 11-і біздің мекемелерге бағынады. Қазір біз бұл мәселені шештік. Бұл проблема болғаны рас. Томограф орналасқан медициналық орталықтың жанында орналасқан емханалардың науқастары да осы орталыққа жіберілгендіктен, адам өте көп болды, - деді Нариман Табынбаев.
Табынбаев барлық орталықтардағы тариф бірдей деп сендірді.
Міндетті медициналық сақтандыру аясында науқастар томография қызметін тегін ала алады.
Биыл қосымша төрт компьютерлік томограф сатып алынады, оның екеуі модульдік болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық