Неге еврейлерге жиын өткізуге рұқсат берген Rixos жазаға тартылмады?
Фото: Днепрдегі еврей қауымдастығының сайтынан
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі ДСЭК) бастығының орынбасары Сәдуақас Байғабылов эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жаппай жиналуға тыйым салынғанына қарамастан еврей қауымының өкілдері шара өткізген қонақүй иесінің жазалану туралы сұраққа жауап берді. Бейресми мәліметтер бойынша, шара Алматыдағы Rixos қонақ үйінде өтті.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Байғабылов «дәлелдер бар болса да, оны мониторингтік топ ұсынбаса, ДСЭК оған жауап бере алмайды» деп түсіндірді. Дәлелді мониторингтік топ қамтамасыз етуі керек.
- Ведомстоаралық комиссия бекіткен қолданыстағы алгоритм бойынша бақылау тобы рейдтік іс-шаралар жүргізеді, материал СЭС-ке беріледі, ал СЭС әкімшілік жауапкершілікке тартады. Басқа жолы жоқ. Алгоритмнің сыртынан әрекет қызметті асыра пайдалануға жатады, сәйкесінше ол жауапқа тартылады, - деді Байғабылов.
Ол 6 тамыздағы жағдай бойынша «Rixos қонақ үйіндегі бақылау тобынан ешқандай материалдар түспегенін» айтты. Orda.kz тілшісі Алматыдағы Коронавирустың алдын алу жөніндегі комиссия жанындағы мониторингтік топтардың үйлестірушісі Рауан Есіркеновке жүгінді. Алайда, ол Rixos туралы сұрақты естігенде, «бос емес» екенін айтып, тұтқаны қоя салды.
Orda.kz редакциясы ведомствоаралық комиссиядан «мониторингтік топ заң бұзушылық фактісін жіберіп алса, оларға қандай шара қолданатынын» сұрады. Ведомствоаралық комиссияның БАҚ-пен байланысқа жауапты Ержан Байтанаев бұл мәселені Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовқа қою керектігін айтты. Редакция Қиясовпен байланыса алмады.

Еске салсақ, Жақында еврей қауымдастығы өкілдері Алматыда көпшілік жиналыстар мен іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, Rixos қонақ үйінің алдында түскен суретті жариялады. Ол қазнет қолданушыларының ашуына тиді. Осыдан кейін орталық синагога басшысына карантинді бұзғаны үшін 87 510 теңге айыппұл салынды. Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Әсел Қалықова діни кездесуді ұйымдастырушы орталық синагога екенін айтып, еврей қауымының кездесуі «Rixos Almaty»-да өтпегенін айтты.
Алайда бұл оқиғадан фотосуреттер Днепрдегі еврей қауымдастығының сайтында пайда болды. Orda.kz тілшілері бұл суреттерді Booking сайтында орналастырылған Rixos қонақүйінің суреттерімен салыстырды. Кадрларға қарағанда, кездесу Rixos Almaty қонақ үйінде өткен. Онда көпшілік жиналып, тіпті бетперде тақпаған.
Авторы: Бағдат Асылбек
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық