Неге демалыс күндері Алтын ордада адамдар көп жиналды?
Фото: Facebook/Axel Zhan
Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өткен демалыс күндері «Алтын Орда» базарындағы жаппай халықтың жиналғанына қатысты түсініктеме берді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Департаменттің айтуынша, базарға жұмыс істеуге рұқсат берілген, себебі ол Ashyq жобасының лидері болып келеді.
– ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №33 қаулысының 5-қосымшасының 6-тармақшасы негізінде «қызыл» аймақтағы Ashyq лидері мәртебесін алған жобаға қатысушыға «сары» аймақ жағдайында жұмыс істеуге рұқсат түріндегі артықшылық беріледі, - деп түсіндірді департаментте.
Осыған байланысты, демалыс күндері:
- Қарасай өңірінде AGRO LAND CO ЖШС, HOME MART ЖШС, MIAMI SPA ЖШС EMC PLUS ЖШС (EEMSI PLUS), FUNKY WORLD ЖШС және Altyn Orda QazTrade LTD ЖШС;
- Алматы облысы, Қарасай ауданы;
- Іргелі ауылдық округі;
- Алматы - Бішкек тас жолы қызметіне рұқсат берілген.
Департамент Алматы облысының бас санитарлық дәрігері осы қаулыны басшылыққа алатынын және «сары» аймақтағы жобаға қатысушыларға карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқығы жоқ екенін қосты.
– Маска режиміне келетін болсақ, бізде жұмысқа рұқсат болды, бірақ әкімдіктердің жанындағы бақылау топтары карантиндік режимді сақтауға жауап береді, - деп қорытындылады Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Еске салсақ, әлеуметтік желілерде «Алтын Орда» базары маңындағы өткелдің жанында адамдардың көп жиналғаны бейнеленген фото пайда болған. Белгілі болғандай, ата-аналар балаларына мектеп формасын сатып алуға барған.
Білім министрлігі 2021-2022 оқу жылында қазақстандық мектеп оқушыларының мектеп формасын міндетті түрде киюден босатылатынын хабарлады. Форманы тек өз қалауымен киюге рұқсат етілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық