Неге Қазақстанда жануарларды жерлеу тәртібі қарастырылмаған?
Осыдан бір апта бұрын Павлодар облысында заңсыз жануарлар қорымы ұйымдастырылғандығы туралы ақпарат пайда болды.
Orda.kz редакциясы Павлодар облысы әкімдігіне «жер телімі кімге тиесілі және жануарлар қорымы заңды түрде орналастырылған ба?» деген сауалмен ресми хат жолдаған.
Әкімдіктегілердің айтуынша, Екібастұз жылу орталығының маңайындағы ескі қорымға қарсы бетте жануарлар қорымы ұйымдастырылғанынан хабардар. Қазіргі уақытта әкімдіктегілер полиция басқармасымен бірігіп, жануарларды жерлеуді болдырмау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
– Жер кодексінің 109-бабына сәйкес зираттар орналасқан және соларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе осы жерде қайтыс болған тұрғылықты жері белгісіз адамды жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер телімі тегін беріледі. Жануарларды жерлеу тәртібі және орны Жер кодексімен қарастырылмаған, - деді Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты.
Павлодар облысының ветеринарлық басқармасының айтуынша, жануарлар өлекселерін жою ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Қалдықтар әдетте:
- Биологиялық қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын ұйымдарда жем-шөп мақсатында кәдеге жаратады;
- Биотермиялық шұңқырда көміледі;
- Арнайы қондырғыларда өртеледі.
ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сай, егер бірнеше жануар бір мезгілде ауырып өлсе, ветеринарлық-санитарлық инспекторларға хабарлау керек. Мамандар келгенше жануар оқшаулануға тиісті.
Әкімдіктегілер жануарлар қорымы орналасқан аймақ мемлекет меншігінде екенін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық