Неге Ауғанстандағы БҰҰ миссиясы Алматыға орналастырылды?
Фото: СІМ
БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясы неге Алматыға орналасты және онда қанша уақыт болатыны туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Біз БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының рөлін жоғары бағалаймыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыртқы істер министрлігі құзыретті органдармен және қызметтермен бірлесіп, олардың ішінде Алматы әкімдігі, ІІМ, ИИДМ ААК, ҰҚК, ДСМ – Қазақстандағы БҰҰ – ның негізгі командасымен тығыз үйлестіре отырып, рейсті қабылдау және БҰҰ өкілдерін Алматыға уақытша орналастыру мәселесін жедел пысықтады, - деді Ақан Рахметуллин.
Оның айтуынша, Ауғанстаннан Алматыға келген БҰҰ мүшелері жақын арада басқа елдердегі бөлімшелерге барады.
– Олардың қатарында БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі және Ауғанстанға көмек көрсету бойынша БҰҰ миссиясының басшысы Дебора Лионс ханым бар. Келген қызметкерлердің бір бөлігі жақын арада БҰҰ-ның басқа елдердегі бөлімшелеріне барады. Бірақ олардың басым бөлігі, шамамен 100 адам Қазақстанда қалады және Алматыда UNAMA-ның уақытша қашықтағы кеңсесін құрады. UNAMA-ның қашықтан істейтін кеңсесін орналастыру әзірше жарты жылға жоспарланып отыр және Ауғанстандағы жағдайдың одан әрі дамуына байланысты ұзартылуы мүмкін, - дейді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.
Рахметуллиннің айтуынша, БҰҰ мүшелерінің Алматыда тұруын, кеңсені жалға алу және басқа да шығындарды ұйым өзі қаржыландырады.
Еске салсақ, 19 тамыздан Ауғанстаннан Алматыға 2 рейс адам келгені айтылған. 2 бортта БҰҰ-ның 141 мүшесі болған.
Жаңалықтар
- Түркістан облысында тұрғын үйдегі шаруашылық құрылысы өртенді
- Өскелең ұрпаққа өнеге: Тоқаев бір топ қоғам қайраткеріне мемлекеттік награда тапсырды
- Елімізде өзге этнос өкілдері балаларын қазақ сыныптарына жиі бере бастады
- Лифтідегі төбелес «пранк» болып шықты: Қызылорда тұрғыны айыппұл арқалады
- Күн сайын 5 адам көз жұмады: Қазақстанда өкпе обырына қарсы жаңа скрининг басталады
- АҚШ өтініш жасады: Украина Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге шабуылын тоқтатты
- 41 ел біріккен мәлімдеме жасады: Зымыран ұшырмас бұрын 24 сағат бұрын ескерту талап етілді
- Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді
- Күйеуін өлтірген әйелдің оқиғасы туралы жаңа деректер шықты
- Баспана кезегін сату ісі: «Отбасы банк» басшысы жағдайды түсіндірді
- Туған анасына пышақ салды деген күдікті Вьетнамнан елге қайтарылды
- Құрылтай сайлауы: Алғашқы командалық теледебат тікелей эфирде көрсетіледі
- Елімізде жаңа eGov іске қосылды: Бұрынғыдан қандай айырмашылығы бар?
- Магистратура грантына қол жеткізгендердің тізімі қашан шығады?
- Алматыда LRT желісі 2027 жылдың соңында іске қосылады
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды