Неге Астана LRT ісі бойынша күдіктілер халықаралық іздеуде емес?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елордада LRT құрылысына бөлінген қаржыны жымқырды деген айыппен іздеуде жүрген Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтің неге Интерпол сайтында жоқ екенін түсіндірді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Интерполдың сайтында іздеуде жүрген Ардан мен Сұлтанбековтың жоқ екені туралы БАҚ-тағы ақпаратқа қатысты мынаны хабарлайды: Астана әкімдігінің (қазіргі Нұр-Сұлтан қ.) лауазымды тұлғаларына қарсы қозғалған қылмыстық іс аясында LRT, BRT/ITS жобаларын жүзеге асыруға бөлінген қаражатты жымқыру фактілері бойынша Ардан мен Сұлтанбековке «қызыл бюллетеньмен» халықаралық іздеу жарияланды» деді агенттікте.
Қабылданған шаралар Талғат Арданның Түркияда екенін анықтады. Сот оны сырттай қамауға алу туралы санкция берді. Бұл мемлекеттің құқық қорғау органдары оның жүрген жерін анықтау және қамауға алу шараларын қолға алуда.
«Бұл ретте Қанат Сұлтанбековтың АҚШ аумағында екені анықталды. Оны қамауға алу және экстрадициялау туралы өтініштер бірнеше рет жіберілді. Алайда АҚШ заңына сәйкес, іздеуде жүрген адам көші-қон режимін бұзбаса, қызыл бюллетень оны ұстауға негіз бола алмайды. Сонымен қатар, қылмыскерлерді экстрадициялау туралы екіжақты келісімнің жоқтығы азаматымызды экстрадициялауды қиындатып отыр. Бұл мәселені уәкілетті орган пысықтауда» деп қосты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Олардың айтуынша, Интерпол талаптары мен ережелеріне сәйкес, Интерполдың ресми сайтында үлкен қоғамдық резонанс тудырған қылмыстар мен жоғары қоғамдық қауіп төндіретін қылмыскерді іздестіру туралы ақпарат жарияланады.
«Дәл осы критерийлер іздеуде жүрген адамдарды жария тізімге енгізуге негіз болады. Ақпаратты жалпыға қолжетімді веб-сайтта жариялау туралы түпкілікті шешімді ИНТЕРПОЛ Бас Хатшылығы қабылдайды. Осылайша, іздеуде жүрген Қ.Сұлтанбеков пен Т.Арданның қоғамдық сайтта болмауы олардың Интерпол деректер базасында жоқтығын білдірмейді» деп түсіндірді сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық