Неге Алматыда үй жалдау соншалықты қымбат?
Риэлторлар мегаполисте жалдамалы пәтерлердің бағасы өсті, ал эконом-класты қонақүйлерге лық толды деп мәлімдейді. Өсу шілде айының соңынан бастап байқалды және ол қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз.
Orda.kz тілшісі бұл шынымен солай ма, жоқ па және тұрғын үй нарығында қандай болжамдар күтілетінін анықтап білді.
Қазақстанның Біріккен риэлторлар қауымдастығының президенті Лариса Степаненко жалға берілетін тұрғын үй бағасының өсуін сұраныстың ұсыныстан асып түсуімен, сондай-ақ оқу жылының басында студенттердің көптеп келуімен түсіндіреді.

- Студенттер тұрғын үйді де жалға алғысы келеді. Қалғандары өңірлерде лайықты жалақы мен жұмыс орындарының болмауына байланысты жұмыс іздеп, Алматыға қоныс аударады. Менің ойымша, бұл жалдау нарығындағы сұранысты қамтамасыз ететін негізгі екі фактор, - деді сарапшы.
Жатақхана жетіспейді
Алматының кейбір жоғары оқу орындарында жатақханада орын жеткіліксіз. Мысалы, Тұран университетінде тек бірінші және екінші курс студенттері жатақхана бөлмесін жалға ала алады. Ал басқа аймақтардан келген магистранттар не істеу керектігі белгісіз. Көптеген адамдар басқа студенттермен бірігіп, баспана жалдайды.
- Біз тек бірінші курс пен екінші курс студенттеріне бөлмелер береміз. Басымдық, әрине, жетім балалар, мүгедектер, шалғайдағы студенттерге беріледі. Бос орындар болса, алматылық студенттер де өтініш бере алады, - деп жауап берді Университеттің қабылдау комиссиясы.

Көптеген студенттер жолда көп уақыт өткізбеу үшін оқу орнына жақын пәтер жалдайды. Жасыратыны жоқ, университеттердің көбі қала орталығында орналасқан, онда тұрғын үй басқа аудандарға қарағанда бірнеше есе қымбат. Лариса Степаненконың айтуынша, қаланың төменгі бөлігіндегі бір бөлмелі пәтердің бағасы 100 мың теңге шегінде болады. Ал Алматыда бір пәтерді жалдаудың орташа бағасы 120-150 мың теңге, екі бөлмелі пәтер 150 мың теңгеден жоғары.
- Қаланың төменгі аудандарында 100-120 мың теңгеге пәтер табуға болады. Бірақ ол бірнеше рет жалға берілген және жөндеуі нашар болуы әбден мүмкін. Жақсы жөндеуден өткен таза пәтер үшін баға, тиісінше, сұраныс жоғары болғандықтан қымбат. Базарларда, көтерме базарларда жұмыс істейтін адамдарға өмір сүру талаптары төмен болса болады. Көбінесе олар баспананы заттарын қойып, түнеп шығу үшін ғана алады. Олар жөндеусіз қымбат емес пәтерді жалға алады, тіпті жатақханаға да басымдық бере алады, - деп қосты риэлтор.
Orda.kz тілшісі бос орындардың бар-жоғын және тұру бағасы қанша болатынын білу үшін Алматыдағы эконом-класстың 20-дан астам қонақ үйіне қоңырау шалды. Тек бір қонақ үйде бір бөлмелі пәтер қалмағанын, бірақ шағын ақысы бар екі орынды нөмірді ұсынды.
Бұл қонақү йдегі барлық бөлмелер шынымен сатылған ба, әлде бұл маркетингтік айла ма - біз тек болжай аламыз.
Алаяқтардан абай болыңыз!
Әрбір екінші адам тұрғын үй нарығында алаяқтыққа тап болады. Жалған жарнамалар көп. Сіз көрсетілген нөмірге қоңырау шалған кезде олар сіздің қоңырауыңыздың алдында пәтер жалға беріліп кетті, орнына сәл қымбат пәтерді көруге ұсыныс жасайды. Кейбір агенттіктер келісімшартқа қол қою үшін 15 мың теңге төлеуді сұрайды. Кейін олар пәтерлердің қолайлы нұсқаларын жіберуге уәде береді. Бірақ айтқан сөздері жерде қалып жатады. Тұрғын үй нарығы бақыланбайды, соған байланысты Лариса Степаненко сенімді агенттіктерге хабарласуды ұсынады.
- Пәтердің бар екеніне немесе оның жарнамадағы суреттегідей сәйкестігіне жеке сенімді болмайынша ақша төлемеген жөн. Меншік иесінің құжаттарын тексеру қажет және алаяқтарға жоламау үшін жалдау шартын жасаған жөн. Осыдан кейін ғана төлем жасауға болады, - деп қорытындылады сарапшы.
Степаненконың айтуынша, көпшіліктің пәтер сатып алуға немесе оны ипотекаға алуға мүмкіндігі жоқ. Бұған қолма-қол ақшаның жетіспеушілігі, нашар несие, жалақының аздығы және бейресми жұмыс кінәлі. Баспананы арман еткен адамдарды жалға алуға және жылжымайтын мүлікті сатып алуды кейінге қалдыруға мәжбүр етеді.
Тұрғын үйді жалдау құны бойынша рейтингте Қазақстан 2021 жылдың басында 138 елдің ішінде 107-ші орнын иеленді.
Energyprom.kz сарапшылары
Авторы: Евгения Стегленко
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық