Үндістан: 300 адам белгісіз аурумен тіркелді

cover

Андхра-Прадеш штатындағы Элуру қаласының бір тұрғыны белгісіз аурудан мерт болды.

Одан бөлек 315 адам ұқсас белгілермен ауруханаға түскен. Бұл туралы The Hindu хабарлады.

Дәрігерлер «науқастарда бас айналу, бас ауру, естен тану және эпилепсия белгілері бар» дейді. Элуру тұрғындары 5 желтоқсаннан бастап ауруханаларға түскен. Бір түнде олардың саны 315-ке жетті. Оның ішінде 70-і әйелдер және 46-сы балалар.  

Науқастардың жағдайы тұрақты. Олардан алынған ПЦР-тест теріс нәтиже көрсеткен.

Жергілікті денсаулық сақтау органдарының өкілдері аурудың қоздырғышын әлі де анықтай алмады.

Қазір тұрғындардың су, тамақ және қан сынамалары зерттеуге жіберілді. Сонымен қатар, ведомство болжамы бойынша, мұндай жаппай ауру ауаның ластануымен немесе сапасыз өнімді тұтынумен байланысты болуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар