Назым Қызайбай: Қазақстан бокс федерациясының жағдайы мәз емес
Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Олимпиада ҚР құрамасының нәтижелері туралы өз ойымен бөлісті.
Қазақстанда Олимпиада тарихында бірінші рет алтын жүлде алмағанына өкініш білдірген Назым Қызайбай алдағы Олимпиада туралы ойлану керектігін айтты. Сондай-ақ ол Парижде өтетін келесі Олимпиадада медаль үшін таласуға ниетті.
— Денсаулығым жараса келесі Олимпиадаға дайындаламын. Алдағы үш жылда не болатыны белгісіз. Бірақ мен дайындаламын. Менің мақсатым – алтын жүлде, - деді чемпион.
Қазақстандықтар екі дүркін әлем чемпионы және он дүркін ел чемпионы Токиодағы Олимпиадаға не үшін бармағанына таңданыс білдірді.
— Жыл сайын Қазақстан чемпионаты өтеді, 51 келіге дейінгі олимпиадалық салмақта жеңіп келемін, бірақ іріктеуге елдегі үшінші нөмірлі қызды жіберді. Не айта аламын? Ештеңе. Ол қыз ұтылды, - дейді Назым.
Спортшы қызымыз осы шешім арқылы еліміз Олимпиаданың алтын жүлдесінен құр қалды деп есепетейді.
— Енді біздің бапкерлерге сұрақ. Мен ол қызды жеңдім. Сіздер неге оны жібердіңіздер? Мен Азия елдерінің алғашқы іріктеуінде лицензия ұтып алуым мүмкін еді, өйткені көп қатысушыларды жеңгенмін. Біз Қазақстан чемпионатын жеңіп жатырмыз, турнир ең бастысы болуы керек. Азия чемпионатына да, әлем чемпионатына да жақсы психологиялық жағдайда бару керек. Ал біз кім баратынын білмейміз. Егер сыртта шешілсе, ел біріншілігін өткізудің қажеті не?, – дейді Қызайбай.
Тек Назым Қызайбай үшін ғана емес, басқа да ел чемпиондары үшін моральдық тұрғыдан өте қиын. Әртүрлі облыстардың федерациялары арасындағы бәсекелестік мәселесі тағы бар.
Боксшы қызымыз жаттықтырушылар елдің пайдасын емес, боксшының қай аймақтан екеніне назар аударатындығын баса айтты. Сондықтан ол бәріне төменгі лауазымды адамдар кінәлі екеніне сенімді.
— Федерация басшылары спортшыларға барлық жағдай жасайды. Олардың болып жатқан жағдайларға еш қатысы жоқ. Бірақ төменгі жақта адамдар бар. Бәрін солар жасап отыр. Соңғы Азия чемпионатынан кейін ұлттық құраманың мемлекеттік жаттықтырушысы болып Бақтияр Артаев тағайындалды. Ол өзі боксшы. Ол осы жолдан өтті. Сондықтан оң өзгерістерге үміттенемін, - дейді спортшы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық