Назым Қызайбай тұратын көшенің жолы жөнделді ме?
фото: Алматы облысының әкімдігі
Олимпиада жүлдегері Қызайбай тұратын көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Әкімдік бұл ақпараттың жалған екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі хабарлады.
«Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген спорт шебері Назым Қызайбай тұратын Қарасай ауданы Іргелі ауылының көшелері жөндеуден өтіп жатыр деген бейнероликтегі ақпарат жалған және шындыққа сәйкес келмейді» делінген мәлімдемеде.
Алматы облысы әкімдігінің мәлімдеуімен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайдың үйінің алдындағы жол жөнделе бастады деген қауесет жоққа шығарылды.
Әкімдік Instagram парақшасында (@qarasai_akimdigi) көшенің суретін жария етті. Суретте жөндеу жұмыстарының жүргізілмегені анық көрініп тұр.
Бұған дейін қазақ дзюдосы тарихында тұңғыш алтын иеленген Елдос Сметовтың үйінің жанында жол жөндеу жұмыстары жасалған еді. Өңір әкімдігі бұл жұмыстың демеушілік қаражатқа жүргізілгенін хабарлады.
Еске сала кетелік, 2024 жылғы Париж жазғы олипиадасында 6-тамыз күні жартылай финалда қытайлық боксшы Ю Вумен жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіліп, олимпиаданың қола жүлдегері атанды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық