Назарбаевтың өкілеттігін ұзартпақшы болған ректор сенаторлыққа ұсынылды
Астана қаласы мәслихаты алдағы Сенат сайлауына Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың кандидатурасын ұсынды. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы референдумның бастамашысы болған.
Назарбаевтың өкілеттігін 2012 жылы кезекті сайлау өткізудің орнына 2020 жылға дейін ұзарту бастамасы 2010 жылдың соңына қарай жарияланған болатын. Референдум өткізу жөніндегі бастамашыл топты сол кездегі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік институтының ректоры Ерлан Сыдықов басқарды.
– Жұмыс бірнеше ай бұрын басталып, еліміздің аймақтарын араладық, қоғамдық пікірді зерттедік. Біздің идеямызды халықтың қолдайтынына көз жеткіздік. Кепілгері Нұрсұлтан Әбішұлы болып табылатын саясат жалғасын тапса дейміз. Одан басқа үміткерді көрмейміз, - деді Сыдықов сол кезде.
Алайда референдум өтпеді. Назарбаев 2011 жылдың 3 сәуірінде мерзімінен бұрын сайлау өткізілетінін жариялады, онда ол 95,55% дауыс жинады. Ал сол жылдың 26 шілдесінде оның бұйрығымен Е.Сыдықов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры креслосына ие болды, ол бұл қызметті 11 жылдан бері атқарып келеді.
Сондай-ақ Ерлан Сыдықовтың ағасы Нұрлан Сыдықов Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі болып тұрғанда 2018 жылы жемқорлық дауына қалғанын да ескертеміз. ҰҚК жер телімін ұзақ мерзімді жалға алу құқығын қайта рәсімдеу мәселесі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікпен шенеунікті ұстағанын хабарлады. Сот Сыдықовты кінәлі деп тапты, бірақ ол бас бостандығынан айрылмай, бірнеше миллион доллар көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық