Назарбаевтың немере келіні жұмыссыздарға тренинг өткізе бастады
Сурет: instagram.com/aida.a.interiors
Аида Әлиева қиын жағдайда қалған Қазақстан халқына көмектесуді жөн санапты. Нұрәлі Әлиевтің жұбайы қай жерге және қалай жұмысқа тұруға болатынын, жұмыс берушімен қалай әңгімелесу керектігін үйретуге уәде береді. Ол ақылы болуы мүмкін кітапшаның шығарылуы туралы Instagram парақшасында жариялады.
Дегенмен Назарбаевтың немере келіні сұхбат беру тәжірибесін қайдан алғанын көрсетпеген. Аида Әлиева халықты білім нәрімен сусындатып, ұстаздық етуді армандағанын жасырмайды.
«Мен бала кезімнен сабақ беруді, өз ойыммен бөлісуді қатты ұнататынмын. Міне, Instagram желісінде маған көптеген пікірлер легі толастамайды», - дейді бұрынғы президент отбасының келіні.
Шамасы, кері байланыс сұрапыл болса керек, Әлиева ақыр соңында жазбасын өшіріп тастаған. Бірақ өмір туралы жоғары интеллектуалды ойларын жалғастыруда.

Ол өзін Insta-коуч деп атамайды, бірақ күнделікті парақшасындағы жазылушылармен кері байланысқа шығады. Назарбаевтың немере келіні өз әңгімелерінде «таңдауды қалай таңдауға болады», «шабытқа қалай түсуге болады» және «қуатты қайда бағыттау керек» дегенді үйретеді.
Еске салайық, Нұрәлі Әлиев Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің тұңғышы. Аида болса ҚР ОСК бұрынғы төрағасы Берік Имашевтың қызы. Ол енді Швейцария мен АҚШ-та оқып-тоқығанын халықпен бөлісуге бел байлаған сыңайлы.
Orda.kz. бұған дейін Нұрәлі Әлиевтің қандай активтері бар екенін және Нұрәлі Әлиев пен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қызы Әделия Ахметованың қандай байланысы барын жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық