Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды алты жылға орташа қауіпсіздіктегі колонияға жіберіледі. Ол миллиардтаған доллар жымқырғанын мойындады.
Сатыбалдыұлы 28-баптың 3-бөлігі,189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы; 195-баптың 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылды.
– Қайрат Сатыбалдыұлының мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырумен алты жылға бас бостандығынан айырылсын, – деді Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотының судьясы Нұрлан Баяхметов.
Сатыбалдыұлын ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры атағынан, сондай-ақ «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы Президентке ұсыныс енгізілсін.
Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.
Сатыбалды «Қазақтелеком» АҚ мен «ЦТС» АҚ-да аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін сотталды. Ол 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі түзеу колониясында өтеу жазасына кесілді. Сондай-ақ, ол 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.
Прокурор Жангелді Есебаев Сатыбалдыны алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сатыбалдыны «Құрмет», «Парасат» ордендерінен айыруды да талап етті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық