Назарбаевтың басынан өтіп жатқан сынақтарға ердің ері ғана сабыр етеді – Тазабек
Айтыскер ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабек Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгін елордадағы бас мешітке келгені туралы пікір білдірді.
– Мешітті құр салып қана қоймай, жамағатпен бірге жұмаға келіп, ақсақал боп, жастарға үлгі беріп жатқан Нұр ағамызға Алла разы болсын! Ол кісінің басынан өтіп жатқан сынақтарға ердің ері ғана сабыр етеді. Патша болмақ түгілі жәй адам боп жүріп, жарты сөзге шыдай алмаймыз. Елбасы боп жүріп, естімеген сөзі жоқ. Сабыр қылды, түсіністікпен қарады. Өкпелеп елден кеткен жоқ, қорқып қап, қолы түскен жоқ.
Президентке қолдау жасап, қандай жағдайда да қасынан табылды. Хрущев заманында жастығы өтіп, Брежнев заманында атқа қонып, Горбачев тұсында тұғырда болып, атеизм мен имансыздықтың иірімінен аман шығу - әр пенденің тағдырына бұйырмаған бақыт. Кеше ғана иманға келген кей ғаріп бүгін діннен шығып жатқан заманда, негатив мен сатқындықтың сан түрін сілкіп тастап, Аллаға ғана мінажат етіп, Алладан ғана үміт етіп, теңдессіз мешіт салып, алдыңғы қатарда малдас құрып, ақсақал боп жамағаттың ажарын ашып келу - пенде үшін ұлы бақыт! «Күнәсінен арылу үшін келген болар» несіне таң қаласың дейтіндер де табылады.
Ия, кім болса да, көзінің тірісінде күнәсіне тәубе ғып, Алланың алдына тазарып барғанға не жетсін! Құдайға қадам басамыз десек, мешітті толтырып, алдыңғы сапта Алла деп отырамыз десек, қолымызды кім байлапты, жолымызды кім жауыпты?! – деп жазды Тазабек әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ, ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаевтың арасындағы байланыс туралы өз ойын айтты.
– Бабаларымыздан қалған: «Пенденің күнәсін көп айта берме, күнәсін көрсең де тәубесін көрген жоқсың» деген сөз бар…
Біз ренжіп жүрген біреу Алланың алдында бізден абзал болуы мүмкін, біз тәнті болып жүрген біреу Алланың алдында қадірсіз жан боп шығуы әбден мүмкін…
«Ханның сырын құл білмейді, құлдың сырын кім білмейді!». Саясаттың желі қай таудан соғады, ақпаратың тізгіні кімнің қолында - соның аты жүйрік, адамы данышпан. Қаласа басқа діннің басшысына бас идіреді, қаласа өз балаңды өзегіне тепкізеді. Әлем тұтасып кеткен, ақпарат шекарасы алынған, мәдениеттер ми батпақ боп араласқан. Мықтының арты диірмен тартып, әлсіздің жілік майы үзілуде… Өз қадіріңді өзің бағалап, өз жүрегіңе өзің ие болмасаң, ешкім қазақтың қазанына ас салып, қазанатын алға оздырмайды. Ұлт ұстазы Ахмет абыз айтқандай: «…Мықты болу үшін бірлік керек…!»
Абай айтып кеткен: «Жалт бергіш, қайта ойланғыш, көті айналғыш» ұрпақтың соңғы жүз жылда неге жеткенін көзіміз көріп отыр.
Енді бүгін егемен ел болғанда «сөзге ергіш, екі күннің бірінде өзгергіш» боп отырғанымыз әлі де қатты қара үзіп кетпегенімізді көрсетеді. Нұр ағаның тарихи шешімдері мен тасқа жазылған игі істері көп қой. Соның ең соңғысы тұғырынан таймай тұрып, өз қолынан тізгінді Қасым- Жомарттай қадірлі тұлғаға беріп кеткені. Ортаға қанша қараулар от жақса да, билікті шайқап, халықты жайпап, тақты төңкергісі келсе де Тоқаев әділ жолынан таймай келеді. Тұңғыш президенттің тарихи рөлін төмендетпей, өзінің де қасқа жолын қашап салып, қауымға қызмет жасауда.
Біз кейде мына қиырға немесе анау қиырға шалықтап, бірақ шығамыз. Жақсы көрсек жолында өлгіміз келеді. Жек көріп қалсақ, қолында өлгіміз келеді. Тоқаев президентіміз бізге тауларды тегістемей-ақ, даланы ұлықтауға болатын көрсетіп келеді. Алла ісіне береке берсін! Қандай жарасымды жәйт. Нұр аға өз жерінде, өз үйінде. Тоқаев Ақордада. Ақсақал жұмада, мешітте, Тоқаев Самарқанда, саммитте… Алла Тағала ынтымақ, берекемізден ажыратпасын!
Ел аман, жұрт тыныш болсын! – деді ол.
Жаңалықтар
- Қытай ЖИ-ғалымдарын елден ешқайда шығармайтын болды
- Еліміздегі «Aманат» пен «Әділет» партиялары біріге ме?
- Алматыда гимназияның үздік оқушысы соңғы қоңырау алдында өзіне қол жұмсады
- Трамп Нетаньяхуға Иранмен соғыста жалғыз қалатынын ескертті
- Әл-Фарабидегі жол апаты: Куәгерлердің бәрі Пактың ішімдік ішкенін көрмегенін айтты
- Қырғызстанның экс-депутаты Ұлықбек Қошқаров АҚШ-та курьер болып жұмыс істеп жүр ме?
- Мектеп қызметкері мас болып көлік айдап, екі бала мен жүкті әйелді қағып өлтірді
- Қызылорда облысындағы қайғылы оқиға: Жоғалып кеткен 6 жасар қыздың денесі Сырдариядан табылды
- Кәмелет жасына толмаған есірткі таратушы төрт жарым жылға сотталды
- Си Цзиньпин КХДР-ға жеті жылдан кейін алғашқы мемлекеттік сапармен келді
- Құрылыс кодексі: Әкімдіктер заңсыз құрылысты анықтауға міндетті
- Сайлау қорытындысы: Армениядағы парламент сайлауында Пашинянның партиясы жеңіске жетті
- Қызылорда облысында қыздың өлімінен кейін тұрғындар арасында «маньяк» туралы қауесет тарады
- Филиппиндегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12 адамға жетті
- Әл-Фарабидегі жол апаты: Пакқа кешірім берген отбасылар саны тағы да толықты
- Петропавлда 77 жастағы зейнеткер 7 миллион теңгесін бизнеске «шақырған» алаяқтарға аудара салған
- Тоқаев Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады
- 1,2 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған Алмасбек Садырбайдың ісі: Сотта қандай мәселелер көтерілді?
- Арменияда парламенттік сайлау: Пашинян өзінің партиясы жеңгеніне сенімді
- Иран мен Израиль соққы алмасты