Назарбаевтың аты аталған аудиоролик радио эфирінен алынды
Мәжіліс депутаттығына үміткер Инга Иманбайдың аудиоролигі АвтоРадио эфирінен алынып тасталды. Тіркелмеген Демократиялық партия белсендісінің айтуынша, бұған өзінің промо-ролигіндегі экс-президенттің есімі себеп болған.
Orda.kz тілшісімен телефон арқылы сөйлескен Иманбай аудиожазбаны 9 наурызда эфирге шығару туралы келісім болғанын айтты. Депутаттыққа кандидат роликтің ақысын сайлау қорынан төлеуге тиіс еді. Дайын аудиожазбаны Иманбайдың штабы 10 наурыз күні таңертең «АвтоРадио» редакциясына жолдаған.
— Радио мен теледидар үшін ОСК-ға 450 мың теңге бөлетін бейнероликті мемлекет есебінен төлемек болдым. Келісім солай болды. Біз келістік, бәрі жақсы болды. Сол күні жазба екі-үш рет шықты. Бірақ содан кейін маған АвтоРадио қызметкері телефон соғып, роликті ауыстыру керектігін айтты, - дейді Инга Иманбай.
Оның айтуынша, одан аудиожазбадан тұңғыш президенттің аты-жөнін қиып тастауды сұраған.
— Маған редакцияға келіп, радиостанция басшылығымен сөйлесуді ұсынды. Бірақ біраз уақыттан кейін олар қайтадан телефон соғып, олардың басшылығы экс-президенттің атын алып тастауды шұғыл талап етіп отырғанын, осыған байланысты қиындықтар туындағанын, болмаса аудиоролигімді эфирден алып тастайтынын айтты. Мен бұндай жағдайға қатысты пікірімді өзгертуге дағдыланбағанымды ашық айттым. Назарбаев халықтан көп нәрсені ұрлады деп есептеймін. Оны қайтарып, әлеуметтік әділеттілік орнату керек. Видеода заңсыз ештеңе жоқ. Олар маған мені айыптамайтындарын айтты және бұл заңсыз деп те айтпады. Тыңдаушыларға сілтеме жасай бастады. Олар телефон соғып, шағым айтты дейді. Мен «Назарабевтың туыстарына сын ұнамай, арызданып жатыр ма?» деп сұрадым, - дейді ол.
Иманбай өзінің фейсбуктегі парақшасында Мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде кез келген есімді атауға, оларды сынауға құқығы бар екенін жазды. Оның аудиожазбасында «Назарбаевтың жеке банкіне миллиардтаған доллар бөлінді» делінген.
— Бұл ақпарат БАҚ-та бір емес, бірнеше рет жарияланды, бұл туралы көптеген отандастарымыз біледі. Неліктен менің сайлауалды үгіт сөзімде бұл туралы айтуға рұқсат етілмейді? Әлде «Жаңа Қазақстан» үміткерлерге цензура орнатып жатыр ма?, – дейді Иманбай.
Ол бұл оқиғаны өз құқығын бұзу және елде цензура орнату деп санайды.
Ал «АвтоРадио Қазақстан» өкілдері жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық