Назарбаевтың жүрегіне ота жасаған дәрігер академик атанды
Коллаж: Orda.kz
Юрий Пяға ҚР Президенті жанындағы ұлттық ғылым академиясының академигі атағы берілді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасағанымен танымал, деп хабарлайды Orda.kz.
Кардиохирург «Медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша академик болып сайланды. Онымен бірге ҰҒА-на ғалым, гинеколог-онколог Диляра Қайдарова да мүше болды.
«Академик-мүшелер ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚР ұлттық ғылым академиясы академиктерінің жалпы жиналысының шешімімен сайланды» деп жазды ұлттық академия сайты.
Юрий Пя Таразда тумасы, 1981 жылы Н.И.Пирогов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина институтын бітірген. Мансабын Тулада бастап, одан кейін Қырғызстан мен Түркияда жұмыс істеді. 2003 жылы ол Қазақстанға шақырылды. Назарбаевтың тұсында медицинаның дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстанның еңбек ері» атағына ие болды. Сондай-ақ, еліміздің Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша құрылған Астанадағы «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ басқарды.
2023 жылдың қаңтар айында Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне емдеу-диагностикалық ота жасалды. Кардиохирург Пяның айтуынша, операция жоспарланған және шамамен 2,5 сағатқа созылды. Ол отадан кейін көп ұзамай Назарбаевтың процедурадан кейінгі жағдайы жақсы екенін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады
- Шымкентте 1,7 млрд теңгенің негізсіз бюджет шығындары анықталды