Назарбаевтың сенімді адамдарының бірі Нұртай Әбіқаев отставкаға кетті
Фото: Ақорда
Алматыда Қазақстан волейбол федерациясының есепті-сайлау конференциясы өтті. Нұртай Әбіқаев, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі өз орнын босатып, 2024-2028 жылдарға қаржы министрі Мәди Тәкиевке орнын берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жаңа басшы федерация делегаттарына көрсетілген сенімі үшін алғысын білдіріп, Әбіқаевқа федерацияның құрметті президенті болуды және қадағалау кеңесін басқаруды ұсынды.
Ол сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі спортты қаржыландыру саясатын қайта қарау жөніндегі тапсырмасын атап өтіп, жекеменшік демеушілер пулын қалыптастыруға және Қазақстанның ең шалғай аудандарында бұқаралық спортты дамытуға назар аударды.
Нұртай Әбіқаев әр жылдары президент аппараты мен әкімшілігінде жұмыс істеген, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымын екі мәрте атқарған. «Ескі Қазақстан» жетекшілерінің бірі.
Жаңа КВФ президенті Мәди Тәкиев бұған дейін қаржы министрі қызметін атқарды. Мәжіліс депутаты болды, сондай-ақ президент әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімін басқарды.
Еске сала кетсек, 2012 жылы «Арқанкергендегі» сарбаздардың өлімі Нұртай Әбіқаев ҰҚК басшысы болып отырғанда болған.
Жаңалықтар
- Тоқаев Украина президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады
- 150 мың SMS-бластер: Алаяқтар сүзгілеу жүйелерін айналып өтудің жолын тапқан
- Павлодарда ер адам тротуардың астындағы қайнаған суға құлап, күйіп қалды
- Тамызда Қазақстанның кей өңірлерінде қар жаууы мүмкін
- Қазақстанда бірнеше ведомство басшылары лауазымдарына қайта тағайындалды
- Магистратура — 2026-2027: Грант иегерлерінің тізімі
- Тоқаев білім жүлдегерлеріне 6,5 млн-дық сыйақы сертификатын тапсырды
- Алматыда тұрғын үйдегі өрттен бір адам қаза тапты, тағы төртеуі ауруханада
- ШҚО-да ер адам бірнеше жыл бойы қызын зорлаған
- Министрлік көлік жүргізушілерге үндеу жасады
- «Аз жалақыға ауыр жұмыс істейді»: Коммуналдық қызметкерлерді сынап басы дауға қалды
- Леңгірде бетперде киген адамдар үйге кіріп, әйелді бірнеше сағат бойы ұстаған
- Павлодар облысында трактор екі баланы қағып кетті
- Жаңа оқу жылы: Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
- Әуежайда бет-жүзбен 15 секундта тексеру: Қазақстанда жолаушылар үшін не өзгереді?
- Президент дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатындағы үздік жеңісімен құттықтады
- ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады: Бес партия мандат алады
- Маңғыстауда 16 жастағы қызға зорлық-зомбылық жасаған соңғы күдікті ұсталды
- Бас прокуратура мемлекетке келтірілген 66,5 млрд теңге залалды анықтады
- Қазақстандықтардың шетелден Құрылтай сайлауына қатысу көрсеткіші 84,8 пайыз болды