Назарбаевтың офшоры, Құлыбаевтың серіктесі, Әбіқаевтың ұлы: Қапшағайдың жағасында жасырынғандар
Коллаж: Orda.kz
15 қыркүйекте мәжілісмен Бақытжан Базарбек Facebook парақшасында Балқаш-Алакөл бассейн инспекциясынан алған ресми жауабын жариялады. Мұнда Қапшағай су қоймасының жағалауындағы жеке адамдарға кезінде берілген 82 жер телімі сөз болды. Балқаш — Алакөл бассейн инспекциясы берген жауапқа қарағанда, ол жерлердің кемінде бір бөлігі Қазақстанға кеңінен танымал тұлғалардың қолына тиген.
Orda.kz тілшісі олардың кім екенін анықтап көрді.
Ең даулы есімдердің бірі – М.Н. Әбіқаев. Қазір инспекция осы тұлғаға қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Бұл – бұрынғы ҰҚК төрағасы әрі сенатор Нұртай Әбіқаевтың ұлы Марат Әбіқаев. Ол құжат бойынша «Луговской жылқы зауытының» иесі деп саналады. Бұл туралы Orda.kz жуырда жазған болатын.
Балқаш — Алакөл бассейн инспекциясының жауабына сәйкес, Марат Әбіқаевтың атына 03055006407 деген кадастрлық нөмірі бар жер телімі тіркелген. Ашық кадастрлық карта дерегіне сүйенсек, бұл – 60 соттық аумақ. Ресми түрде «демалыс базасы».

Алайда Google Earth спутниктік суреттеріне қарағанда, ол жер демалыс орнына емес, қайық станциясына көбірек ұқсайды: ішінде қойма, мұнаралар бар. Тіпті картадағы атауы да күлкілі.

Ғарыштан түсірілген суреттерге қарағанда, Әбіқаевтың жерін су қорғау аймағынан бөліп тұрған қоршау жоқ. Ал қайықтар мен қалқалар жағалаудың әр тұсына қойылған.
Депутатқа жолданған жауапта тағы бір белгілі адамның аты тікелей аталмаған. Бірақ Бақытжан Базарбектің Forbes тізіміндегі олигархтарды меңзегенін аңғаруға болады. Әңгіме – 2025 жылғы Forbes тізімінде №43 орында тұрған Яков Цхай туралы. Оның «Достар» атты компаниясы Қапшағай жағасында жалпы аумағы 15 гектардан асатын екі жер теліміне иелік етеді. БАБИ (Балқаш — Алакөл бассейн инспекциясы) мәліметінше, прокуратура ол телімдер бойынша меншік құқығын жарамсыз деп тану жөнінде сотқа талап қоюға әзірленіп жатыр.

Бұл орынды Әбіқаевтың жері секілді «демалыс базасы» деп көрсеткен. Спутниктегі суреттерге қарасақ, бұл телім шынымен демалыс орнына ұқсайды: екі тұрғын үй, шаруашылық құрылыстары, бірнеше қойма, бассейн, тоғандар мен бірнеше пирс бар. Дегенмен, онда Яков Цхай мен оның туыстарынан басқа кім демалатыны беймәлім.

Forbes басылымының бағалауынша, Яков Цхайдың байлығы 236 миллион доллар. Бизнесмен бірнеше компанияға иелік етеді. Соның ішінде «Достар-Инвест» арқылы ол «Достар-Комерц» компаниясының бір бөлігіне иелік етеді. Ал «Достар-Комерцтің» қарамағында – Алматыдағы Көк базар. Бұл серіктестіктің екінші құрылтайшысы – Тимур мен Динара Құлыбаевтарға тиесілі Mercury Properties компаниясы.
Бақытжан Базарбекке жолданған ресми жауапта аты едәуір жасырылған тағы бірнеше танымал есім бар. Прокуратура қазір «Корпорация Алмалы» ЖШС-не жерді беру жөніндегі келісімді жарамсыз деп тану үшін де талап арыз әзірлеп жатыр. Бұл серіктестіктің құрылтайшысы – «Корпорация Наурыз» ЖШС. Ол 1999 жылы құрылған, содан бергі 26 жыл ішінде құрылтайшылары сан рет өзгерген. Бірақ Kompra.kz сервисінің дерегіне сүйенсек, 2004 жылдан 2022 жылға дейін оның құрылтайшыларының қатарында олигарх Владимир Жұманбаевтың Vertex Holding компаниясы тұрақты түрде болған.
Жұманбаев компаниясының «әріптестері» әуелі Loxten Company Limited, кейін соған ұқсас атаудағы Loxten Anstalt болды. Ал 2020 жылдан бастап олардың орнын нидерландиялық Noord Holland Trading Company B.V. басты. Компания Нидерландияда тіркелгенімен, оның иелері Нұрсұлтан Назарбаев пен олигарх Владимир Ким деген сыбыс бар. 2024 жылдан бастап «Корпорация Наурыздың» құрылтайшылары қатарынан Vertex Holding алынып тасталып, оның орнына «Евразия Строй LLP» шыққан. Бірақ оның жалғыз құрылтайшысы – бәрібір сол Noord Holland Trading Company B.V.

Ал «Корпорация Алмалы» компаниясына қандай телімдер тиесілі? Алғашқысы – 13 гектар жер. Ол Қапшағай су электр стансасының қарсы бетіндегі жағалауда орналасқан.

Пішіні найзаға ұқсайды. Google Earth картасынан бұл аумақта тікелей су жиегінде салынған зәулім үй, бау-бақша мен қайық айлағы анық көрінеді. Айтпақшы, зәулім үй шағын шығанақта көзден тасада тұр. Су қоймасы мен қалаға қарағандағы тамаша көріністі осы үйден көруге болады.

Бұл жерді ресми түрде «Қапшағай резиденциясын күтіп-ұстау» деп көрсеткен.

Екінші телімнің аумағы – 300 гектар. Ол Қапшағайдың оңтүстік жағалауында.

Алғаш қарағанда – қаңыраған дала іспетті. Бірақ жақыннан қарасаңыз, Назарбаевтар әулеті ерекше ұнататын қора-қопсы, атқоралар мен шағын ипподромға ұқсас құрылыстарды көруге болады. Бұл жерде ресми түрде – «шаруа қожалығымен айналысады» деп жазылған.

Егер Бақытжан Базарбек өз сауалын көктемде жолдағанда, бәлкім, оған Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы Асқар Құлыбаевқа тиесілі телім де аталар еді. Бірақ Қапшағай жағалауындағы жерді одан мамыр айында-ақ сот шешімі бойынша тартып алды.
Автор: Игорь Улитин
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт