Назарбаевтың немере қарындасының фирмасы сот істеріне батып қалды
Нұрсұлтан Назарбаевтың немере қарындасына тиесілі «Толағай-2050» компаниясы сот процесіне батып қалды.
Белгілі болғандай, компания нысандарды салуға бірнеше миллион долларлық келісім-шарттар жасап, өрескел заң бұзушылықтарға жол берген.
Депутат Айдос Сарым мәжіліс қабырғасында мән-жайды баяндап берді.
Іс 50 шекара заставасының құрылысы туралы болып отыр. Мәжілісменнің айтуынша, 2020 жылы тендер өткізіліп, екі мердігер – «Капитал Констракшн» ЖШС және «TOLAGAI-2050» ЖШС-мен жалпы сомасы 53 894 миллион теңгеге келісім жасалған.
«Толағай-2050» 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін 40 млрд 350 млн теңгеге 15 шекара заставасын салуы тиіс болатын. Алайда компания өрескел заң бұзушылықтарға жол берген. Сонымен қатар, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына қатысты да шағымдар бар. «Толағай-2050» 1 қазандағы жағдай бойынша жалпы келісімшарт сомасының 35 пайызын ғана игерген. ЖШС жұмысты тоғыз айға ұзартуды сұрап отыр, бұл жоба құнының айтарлықтай өсуіне әкелуі мүмкін»,- деп атап өтті Айдос Сарым.
Бұл компанияның жанжалдың бел ортасында қалуы бірінші рет емес. Оның әртүрлі жобаларға, соның ішінде Алматы мен Павлодар облысындағы суару желілерін қайта құруға қатысуы жұмыстың сапасы мен белгіленген мерзімде атқарылмауы туралы көптеген шағымдарға себеп болуда. Компания көптеген сот процестеріне тартылған, оның біразы мемлекеттік сатып алулардың адал еместігі туралы айыптауларға қатысты.
«Компания 80-нен астам азаматтық және әкімшілік іс жүргізуге қатысты, оның 10-нан астамы 2023 жылы болған. Соның ішінде мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы. Айтпақшы, шекара заставаларына қатысты жобаның тапсырушысы болып отырған Көлік министрлігіне қарасты Жол комитеті әлі келісім-шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жоқ»,- деп сөзін жалғастырды Сарым.
Депутат Көлік министрлігі компаниямен келісімді бұзып, шығынның орнын толтыруды талап етуден неге бас тартып отырғанын түсінбей отыр.
«2022 жылдың 3 ақпанына дейін бұл компанияның құрылтайшылары тізімінде қазір қайтыс болған Болат Назарбаевтың қызы Ақбота Назарбаева болды. Шекара заставаларын салу аумақтық қорғанысты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын ескере отырып, есірткі және басқа да тыйым салынған өнімдердің заңсыз айналымы, сондай-ақ адамдардың шекарадан заңсыз өтуінің ұлғаю қаупі бар»,- деді Мәжіліс депутаты.
Осыған орай, депутат «Толағай-2050» ЖШС қызметіне тексеру жүргізіліп, қажет болған жағдайда заң аясында шара қолдануды талап етуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық