Назарбаевтың немере інісіне тиесілі болған Алматыдағы «Байсат» базары сатылымға шықты
Коллаж: Orda.kz
Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мемлекетке қайтарған «Байсат» базары ашық электронды саудаға шығарылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сауда E-Qazyna порталында 2025 жылғы 18 қараша күні сағат 10:00-де (Астана уақыты бойынша) өтеді.
Бастапқы баға – 28,6 млрд теңге.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) хабарлаған ақпаратқа қарасақ, сатылымнан түскен қаржы Арнайы мемлекеттік қорға аударылып, әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалмақ.
Еске сала кетсек, былтыр Қайрат Сатыбалдыға тиесілі «Байсат» базарының үлесі мемлекетке қайтарылғаны жайлы жазған едік.
Айта кетейік, 2022 жылдың наурыз айында Қайрат Сатыбалды «қызмет бабын асыра пайдалану» және «қаржы қылмыстарына қатысы бар» деген күдікпен ұсталды. Сол жылы қыркүйекте Астана қаласының соты оны алты жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеуге және он жыл мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыруға үкім шығарды.
Алайда 2024 жылдың тамызында сот оның жазасының бір бөлігін жеңілдетіп, бас бостандығынан айыру жазасын бостандықты шектеу жазасына ауыстырды. Қазір ресми дерекке сенсек, Қайрат Сатыбалды пробациялық бақылауда, яғни қатаң қамауда емес, бірақ арнайы қадағалау жағдайында өмір сүріп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық