Назарбаевтың назарындағы адам тағы да қамауға алынды
Әйелін өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2017 жылы жемқорлық қылмысы үшін 10 жылға сотталған. Шымкент соты бұрынғы шенеуніктің неліктен екі жылдан кейін бостандыққа шыққанын түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz.
2017 жылы бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев атышулы сыбайлас жемқорлық дауына байланысты ұсталған болатын. Ол «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы болып тұрған кезінде ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікке ілінген.
2018 жылдың наурызында ол мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырумен 10 жылға бас бостандығынан айырылған.
Тергеу мәліметтері бойынша, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басшысы ретінде Бишімбаев Қызылордадағы шыны зауыты құрылысына арналған миллиард теңгені жымқыру бойынша қылмыстық схема ұйымдастырған. Ол тапсырыс беру үшін құрылыс компанияларынан пара алған. Оқиға әшкере болғаннан кейін шенеунік өз кінәсін толық мойындады.
Бишімбаев неліктен 2019 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды?
Шымкент сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2019 жылы сотталған экс-министр шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.
Президенттің 2019 жылғы 13 ақпандағы Жарлығымен Бишімбаевқа рақымшылық жасалды. Оған тағайындалған жаза 10 жылдан төрт жылға дейін қысқартылды. Ол кезде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев болатын.
Осыған байланысты Бишімбаев сотқа жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату, қалған өтелмеген 1 жыл 3 ай 13 күнін кешіру туралы өтінішхат жолдады.
Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы заң талаптарын толығымен қанағаттандырды:
• жазасының 2/3 бөлігін өтеген,
• мекеме әкімшілігі оған жақсы мінездеме берді,
• төрт рет мадақталған,
• зиянды бұзушылықтары жоқ,
• 1,5 млн.теңгеден астам процессуалдық шығындар өтелген.
Осылайша, 2019 жылдың 25 қыркүйегінде Шымкенттің Абай аудандық соты Бишімбаевтың арызын қанағаттандырды. Экс-министр 2019 жылдың 11 қазанында босатылды. Ол пробациялық бақылауға алынды, ол 2021 жылдың басында аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қараша күні кешке әлеуметтік желіде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтіргені туралы хабарлама тараған болатын. Бишімбаев ұсталғанға дейін өзін пышақтаймын деп қорқытқан. Кейін полиция атышулы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
10 қарашада Ішкі істер министрлігі Бишімбаевтың әйелін ұрып өлтіргені үшін ұсталғанын растады. Кейін Шымкент соты қоғамдағы алаңдаушылыққа қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан Бишімбаевтың жаза мерзімі аяқталғанын хабарлады.
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді