Назарбаевтың келіні қайтыс болды
Фото: Gov.kz
77 жастан асқан Назарбаева Светлана Мырзахметқызы қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz. Press.kz сайтына сілтеме жасап.
Светлана Сатыбалды Назарбаевтың жары. Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы.
Ол Алматы облысы Лепсі ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын филолог мамандығы бойынша тәмамдап, педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алған. Еңбек жолын 1970 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 1981-1984 жылдары Алматы қаласы Ауэзов ауданы №91 мектептің директорының орынбасары болды. 1984-2003 жылдары №24 мектептің, кейін №130 гимназияның директоры қызметін атқарды.
2003 жылғы қарашадан бастап Светлана Мырзахметқызы «Дәуір» республикалық полиграфиялық баспасы мен өндірістік кешенінің Бас директоры болды. Ол көптеген әдістемелік құралдар, оқулықтар, ғылыми жұмыстардың авторы. Сондай-ақ, 2011 жылы Болгарияда, 2012 жылы Польшада, 2014 жылы Германияда халықаралық конференцияларға қатысқан. Жалпы 40-тан астам ғылыми-әдістемелік жұмысы жарияланған, оның ішінде 8 оқулық бар.
Светлана Мырзахметқызы еңбектегі жетістіктері үшін «Парасат» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медальдарымен, мерейтойлық медальдармен, «СССР білім беру үздігі», «ҚР білім беру үздігі» төсбелгілерімен, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің, СССР Білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық