«Назарбаевтың дүние-мүлкін қайтару»: Жоғарғы сот қандай шешім қабылдады?
Фото: Orda.kz
Қазақстанның Жоғарғы соты астаналық Қайыргелді Смағұловтың бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты мемлекеттің пайдасына активтер мен мүліктерді өндіріп алу туралы талап-арызын қарады. Ақыры Жоғарғы сот азаматтың бұл талабын құптаудан бас тартты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Смағұлов өз талаптарында Назарбаевтың президенттік қызметі кезінде адамзаттың қауіпсіздігіне қатер төндіргені деген себеппен дүние-мүлкін қайтарту туралы арыз жазған болатын. Алайда «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заңның 36-бабына сәйкес, экс-президент өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында жасаған әрекеттер үшін жауапкершілікке тартылмайды, тек мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда ғана тартылады делінген.
Сонымен, Жоғарғы сот Смағұловтың талап-арызын азаматтық сотта қарауға болмайды деп шешті.
Жаңалықтар
- Биылғы күз жайлы бола ма? Синоптиктер болжамы
- Шымкент сыра зауытының бұрынғы иесі Тоқтар Төлешовтің үйі аукционға шығарылды
- Президент бюджет жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді
- «Көлігіңмен қоса өртеп жіберемін»: Астаналық такси жүргізушісіне жолаушы қоқан-лоқы көрсеткен
- Астанада бес жасар баланы ойын алаңында ток соғып, жансақтау бөліміне түсті
- Жамбыл облысында 19 жастағы әйел «Барниге» бола күйеуімен жанжалдасып, кейін қайтыс болды
- «Бір күнде 14 айыппұл»: Алматы облысында жүргізушілер жол камераларына шағымданды
- 16 жастағы қыз қаза тапты: Алматы облысында бір топ жасөспірім жол апатына түсті
- Азия чемпионаты: Еліміздің ауыратлеттері 59 медаль алып, бес әлемдік рекорд орнатты
- Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты алғаш рет пікір білдірді
- Экс-депутат Базарбек қағып кеткен адамның жағдайы белгілі болды
- Қазақстандағы блэкаут: Қырғызстан KEGOC мәлімдемесіне жауап берді
- Мас жасөспірімдер қыздарды тоғайға алып кетпек болған: Оқиғаның жай-жапсары
- Иран АҚШ-тың әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған сарбазы үшін 30 мың доллар төлеуге дайын
- «Бұл арандату емес»: Бақытжан Базарбектің туыстары жол апаты туралы пікір білдірді
- Жаңатоған ауылының тұрғындары өртпен өздері күресіп жатыр: Бір адам ауыр жараланды
- «15 млн теңге бер, әйтпесе қылмыстық жауапкершілікке тартамыз»: Түркістанда жалған ҚМА қызметкерлері ұсталды
- Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазына кіруіне тыйым салды
- Анкарада Әлихан Күриш қамауға алынды: Тергеу барысында 200 келі алтын тәркіленді
- Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында адам қағып кетті ме? Полиция не дейді?