Назарбаевтың қызметтері мен оның құрметіне берілген атаулар

cover

Үкімет Президент Тоқаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының уақытша басшысының міндетін атқарушы болғанына қарамастан, Назарбаев өмір бойына ҚХА-ның құрметті төрағасы болып қалу мүмкіндігін сақтап қалатын жарлыққа қол қойды.

Алайда, бұл елбасының тек алтыншы қызметі. Orda.kz редакциясы 80 жастағы Назарбаев бір уақытта қанша жұмыспен айналысып жүргенін және оның атымен аталатын нысандарға шолу жасады.

Елбасы қай жерде жұмыс істейді?

Ұлт көшбасшысының жұмыс қабілеттілігіне қызыға қарауға болады. Біреулер оқу мен жұмысқа уақыт әрең тауып жүргенде Нұрсұлтан Әбішұлы бірден бірнеше құрылымдарда жауапты қызметтер атқарады.

1. Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы

Назарбаев өзінің жарлығымен орган құрылған күннен бастап 1991 жылы 21 тамызда Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы болды.

Қауіпсіздік Кеңесі - ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс қабілеті және заңдылықтың үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатпен айналысатын конституциялық орган.

Ал 2018 жылдың шілдесінде Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқаруға құқық беретін заңға қол қойды.

2. «Нұр Отан» партиясының төрағасы

«Нұр Отан» партиясын 1999 жылы Назарбаев құрды. Содан бері ол оның тұрақты жетекшісі.

«Нұр Отан» тәуелсіз Қазақстан тарихындағы барлық парламенттік сайлауда ең көп дауыс жинайтын партия.

3. Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы

2017 жылы Елбасы президенттің жанындағы консультативтік-кеңесші орган - ұлттық саясатты әзірлеу және жүзеге асыру болып табылатын ҚХА-ны өмір бойы басқару құқығын алды.

Сәуір айында Қазақстанның экс-президенті ҚХА төрағасы ретіндегі өкілеттіктерін мемлекет басшысы Тоқаевқа тапсырды, ол өзі құрметті төраға болып қала берді.

4. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы

«Самұрық-Қазына» - инвестициялық холдинг, оның мақсаты - Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсарту. Оның басқарма кеңесін Назарбаев басқарады.

5. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы.

ДҚҚ - бұл республикалық маңызы бар халықаралық үкіметтік емес ұйым. Оның мақсаты - әлемдегі этникалық қазақтармен мәдени, білім беру және бизнес мәселелері бойынша байланысты қолдау.

6. Назарбаев Университеті, Зияткерлік мектептер мен Қордың Жоғары Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы.

Қамқоршылар кеңесі - Назарбаев Университетінің, НЗМ мен Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жоғарғы басқару органы.

Әзірге осы. Бірақ елбасының жетінші лауазымы шығуы әбден мүмкін. Ол – шексіз басымдықта ҚР Президенті болып сайлана алады.

Назарбаевтың атымен аталатын нысандар

Orda.kz редакциясы барлығы ТМД елдері арасында билікте ең ұзақ болған  рекордшы - Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне 11-ге жуық ескерткіш мен 2 барельеф бар екенін анықтады. Олар тек Қазақстанда ғана емес, тіпті Түркия, Украина, Молдовада бар.

Ұлттық мұражайдағы ескерткіш

Сонымен қатар, оның құрметіне кемінде 13 көшеге оның аты берілген:

  • Алматыдағы Назарбаев даңғылы, бұрынғы Фурманов көшесі.
  • Ақтау қаласындағы Назарбаев даңғылы
  • Қарағандыдағы Назарбаев даңғылы екі көшені біріктірді, бұрынғы Мира бульвары мен Тулепов көшесі.
  • Орал қаласындағы Назарбаев даңғылы, бұрынғы Үлкен Михайловская көшесі.
  • Өскемендегі Назарбаев даңғылы, бұрынғы Тәуелсіздік даңғылы.
  • Шымкент қаласындағы Назарбаев даңғылы, бұрынғы Астана даңғылы.
  • Қостанайдағы Назарбаев даңғылы, бұрынғы Гагарин көшесі.
  • Көкшетау қаласындағы Назарбаев даңғылы, бұрынғы Горький көшесі.
  • Павлодардағы Назарбаев даңғылы, бұрынғы Кутузов көшесі.

Сонымен қатар, Ресейде (Қазан және Грозный), Түркия мен Иорданиядағы көшелер оның есімін иеленген.

Алматыда, Нұр-Сұлтанда, Ақтауда, Атырауда және Түркістанда Тұңғыш Президент атындағы саябақтар бар.

Бұрынғы мемлекет басшысының атымен астана, университет пен мектеп қана аталмай, тіпті қызғалдаққа, тау шыңына және мемлекеттік орденге оның аты берілген.

Фото: inalmaty.kz

Қазақстандық режиссерлер Назарбаевқа арналған кем дегенде тоғыз фильм түсірген:

  • «Көшбасшы жолы. Жалынды өзен. Темір тау»
  • «Менің балалық шағымның аспаны»
  • «Назарбаев. Тікелей эфирде»
  • «Тығырықтан жол тапқан»
  • «С Назарбаевым о главном…»
  • «Жұлдыздар осылай пайда болды»
  • «Көшбасшының жолы. Астана »

Кезінде Нұрсұлтан Назарбаев өзінің есімін мәңгілікке қалдыру туралы біржақты сөз сөйлеген:

– Мен оған келіспеймін, маған оның керегі жоқ. Мен бұл туралы әрдайым ашық айтамын. Маркус Аврелиус деген билеушілердің тамаша кеңесшісі болған, ескерткіштерді тірі кезінде салғандар болашақ ұрпақ оларды есінде сақтайды дегенге сенбейді дейді. Сонда да іспен бағалау керек. Қараңыз, не болып жатыр: бір кездері дауыс берген сол адамдар, Ленин, Сталин ескерткіштерінің құрылысын қолдап, содан кейін оларды құлатқан.

Бірақ қандай да бір себептермен Елбасының пікірін ешкім тыңдамады, ал қазақстандық саясаттанушылар қазірдің өзінде жаңа тенденция - Назарбаевтың жеке басына табыну туралы айтуға болады деп тұжырымдай бастады.

– Соңғы бірнеше жылда біздің көптеген шенеуніктер Тұңғыш Президенттің жеке басына табынуға байланысты осы тенденцияны тиімді қолдауда. Мүмкін оның басты себебі, оны белсенді қолдайтын адамдар өздерінің Назарбаевсыз іс жүзінде ешкім емес екендіктерін өте жақсы түсінеді. 20 жыл ішінде осы адамдар өз орындары бар жүйе құрды - олар жақсы қаржылық қамба тапты, - деп атап өтті Досым Сәтпаев «Азаттық» радиосына берген сұхбатында.

Авторы: Асема Гумарова

Аударған: Айнура Дарибаева

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар