Назарбаевтың үндеудегі ым-ишарасы мен мимикасынан не байқалады?
Видеодан алынған кадр
18 қаңтарда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев медиа-кеңістіктегі ұзақ «демалысынан» соң Қазақстан халқына бейне үндеу жасады. Елбасының үндеуі әлеуметтік желіде талқыға түсті.
Біреулер оны елордада түсірмегенін, Елбасы кітапханасының іші жай ғана декорация деп жорамалдаса, енді біреулер Елбасының шаршаған түрін байқаған. Желі қолданушылары оның себебін сырқатпен байланыстырды.
Күмәнді сейілту үшін Orda.kz украиндық визуалды психодиагностик, физиогном Григорий Семчукпен сөйлесті. Ол Назарбаевтың ым-ишарасы мен бет-келбеті нені білдіретінін айтып берді. Маман Елбасыны шын мәнінде не толғандыратынын да талдады.
Сарапшының пайымдауынша, Елбасының айтқан сөздерінен ешқандай эмоционалдық реакция байқалмайды.
– Назарбаев үндеудің басынан бастап психодиагностикада материалдық құндылықтарға жауап беретін бас бармағын үнемі қимылдатады. Қолында бар нәрсені сақтауға тырысып, оларды қозғалтады. Сценарийлерді санау әдісін қолдана отырып, дұрысын іздейді. Белгілі бір кезеңде саусақтарын айқастырған кезде оң қолдың ортаңғы саусағын сол жақтың сұқ саусағымен ұстау әрекеті жасалады
– Оң қолдың ортаңғы саусағы оның күші мен билігінің белгісі. Сол қол – оған жақын орта: туыстары. Сұқ саусақ – сабақ, көрсеткіш, бір нәрсеге көңіл бөлу талабы. Тиісінше, ол өзінің билігін сақтап қалуға, жағдайға қайта араласуға және жақындарының қысымымен билік тізгінін өз қолына алуға тырысады. Оны бітімге келуге және мойынсұнуға көндірген де солар еді. Бас бармақтың қимылын ескерсек, мәселе қаржылық тұрақтылықты сақтау, - деп түсіндірді сарапшы.
Назарбаевтың елдегі элита арасындағы текетіресті жоққа шығарып, өзінің үнемі астанада болғанын айтқан кадрды талдау қиын.
– Ол қайратты және жігерлі адам. Оның қимылы ыңғайсыздануының көрсеткіші, мұны істегісі келмейді. Жаңа реформа туралы сөз кезінде Назарбаевтың үстіңгі ерні көтерілді – ол мұның болғанын білгісі де, қабылдағысы да келмейтінін білдіреді, - деп талдайды Семчук.
Сарапшының пікірінше, Назарбаевтың дене қимылы мен мимикасы адамдарға деген немқұрайлы көзқарасын көрсетеді және ол бірінші кезекте өз мүддесін қорғайды.
Сарапшы бұл көрсеткішті Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельциннің туыстары оны зейнетке шығуға көндірген кездегі биліктен кетуімен салыстырады. Бірақ, сарапшының пікірінше, Назарбаев Ресейдің бұрынғы басшысына ұқсамайды, физикалық тұрғыдан әлі де күшті және төзімді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық