Назарбаевтың «Кіші Отанындағы» үстірт: Жеке меншік Қырғызстан шекарасына дейін барады
Коллаж Orda.kz
Алматылық турист - тележүргізуші Вадим Шкляр орнатылған бөгет салдарынан Үшқоңыр үстіртіне жете алмағанын айтты.
«Үш Қоңыр. Өкініштісі, үстірттің өзіне жібермеді. Шлагбаум иесі жеке меншіктің Қырғызстан шекарасына дейін баратынын айтты. Бұл жай ғана қоршауы бар үй емес. Шығыста Шамалған өзенінен батыста Ұзын Қарғалыға дейінгі алып аумақ. Бұл Қазақстан, балақай… Туризм? Жоқ, олар ондайды естімеген…» деп жазды Шкляр өзінің парақшасында.
Ол «егер Үшқоңырдың жекеменшік жерлері тақырыбын жалғастыра берсек, бұл жай ғана тау үстіртіндегі сәнді жылжымайтын мүлік туралы мәселе емес» деп қосты.
«Былтыр мен Фабричныйдан келген жергілікті тұрғындармен сөйлестім. Олар Шамалған мен Ұзын Қарғалы арасындағы ашық жерлерде автоматшылар бейтаныс адамдарды ұстайтынын айтты. Кеше шлагбаумдағы форма киген адамдар аумақтың мемлекеттік шекараға дейін баратынын нанымды түрде түсіндірді. 300 шаршы шақырымдай жер учаскесі жекенің қолында болып шыққаны ма?» деп жазды Шкляр.
Айта кетсек, Үшқоңыр ауылы экс-президент Назарбаевтың «Кіші Отаны» атанған жер. Бұған дейін де адамдар үстірттің аумағы жабық болғандықтан, оның аумағына кіре алмаймыз деп бірнеше рет шағымданған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық