Назарбаевтың келіні Гүлмира Сатыбалдының қамаудағы мерзімі ұзартылды
Фото: Литер
Нұр-Сұлтан соты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының қамауға алу мерзімін ұзартты.
Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
«13 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Г.Сатыбалдыға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасы мерзімін 1 айға ұзартты» деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Еске салайық, 13 наурызда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ қаржысын аса ірі көлемде жымқыру фактілері бойынша Алматыда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды. Сатыбалдының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы да қазір тексеріліп жатыр. Назарбаевтың немере інісін ұстауды ҰҚК Арыстан арнайы бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген.
14 наурызда «Қазақтелеком» кеңселерінде тінтулер жүргізілді. Сәуірдің 12-сі күні «Сатыбалдының» фирмаларына тиесілі «Қазақтелеком» акцияларының 30 пайызға жуығы монополиясыздандыру жұмыстары аясында мемлекет меншігіне қайтарылғаны белгілі болды.
13 мамырда Қайрат Сатыбалды мен мәжілістің экс-депутаты Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевтың қамау мерзімі ұзартылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық