Назарбаевтың күйеу баласы бас прокуратурадан өзі жайлы жазылған мақаланы тексеруді сұрады
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, кәсіпкер Тимур Құлыбаев бас прокуратурадан бірнеше күн бұрын британдық "Financial Times" газетінде өзі жайлы жарияланған мақаладағы ақпаратты тексеруді сұрады. Оның прокуратураға жазған сұраныс хаты алғаш болып Inbusiness сайтында жарияланды.
Сайтта жарияланған хабарламада Құлыбаевтың мақаладағы ақпаратпен келіспейтіні және оны терістейтіні жазылған.
"Бизнесмен Т. Құлыбаев нақты фактілермен расталмаған тұжырымдар, ресми түсініктемелерге қайшы келетін өзара байланысты емес субъективті қорытындылар жиынтығы болып есептелетін дезинформациялық сыйпатты қамтыған мақаламен келіспейді. Т. Құлыбаев мақалада айтылған келісімге ешқашан тіке немесе жанама түрде араласқан емес. Жоғарыда баяндалған жайттарды ескере отырып, Т. Құлыбаев Қазақстан бас прокуратурасынан ресми түрде жан-жақты тексеруді өтінді" делінген хабарламада.
Назарбаевтың күйеу баласының бас прокуратураға жүгінуіне себеп болған мақалада "Құлыбаев Қытай мен Еуропаны жалғайтын газ құбыры жобасынан жасырын жолмен ондаған миллион доллар пайда көрді" деп айтылған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық