Назарбаевтың «Jusan bank» банкі мемлекетке қайтарылады – дереккөз
Фото: Дмитрий Азаров, Коммерсантъ
«Назарбаев қорына» тиесілі «Jusan bank» акцияларының мемлекетке қайту мәселесі түпкілікті шешілді.
Бұл туралы «DALA инсайд» telegram-арнасы хабарлайды.
«Дереккөз «Назарбаев қоры» тарапымен өткен ауыр келіссөздер нәтижесінде «Jusan bank-тің» мемлекеттің қол астына қайтуы бойынша жағымды шешім қабылданғанын хабарлады. Есесіне Самат Әбіш пен Қайрат Сатыбалды аса қатты қудаланбауы тиіс» делінген хабарламада.
Ол нені білдіреды?
«Jusan bank» (кезіндегі Цеснабанк) мемлекеттен 1,5 триллион теңге қаржылық қолдау тартқан. Соның есебінен, акционерлері – «First Heartland Securities» АҚ («Назарбаев қорына» бағынады). Ол 2020-2021 жылдары банктен 113 миллиард теңгені дивиденд ретінде шығарып алған.
«Бүгін «First Heartland Securities» АҚ Директор кеңесі төрағалығынан Асқар Сәрінжіповтың кеткені белгілі болды. Сонымен қатар кеңес құрамынан Назарбаевтың көп жылдан бергі көмекшісі, сенімді адамы Ербол Орынбаев та кетіп отыр. Бұл – «Назарбаев қорына» қарасты активтерді: «Jusan bank», «Назарбаев университеті» мен «Назарбаев Зияткерлік мектептерін» мемлекетке біртіндеп қайтару жұмысының басталғандығын білдіреді.
«Jusan bank» 2021 жылғы аудиттелген есебін әлі жарияламай отыр. Қалған банктердің барлығы жариялап қойды. Соған қарағанда, алдымен акционерге (Назарбаевқа) таза пайдадан толық дивидендтер төлетіп, шешім шығарып, содан кейін барып жариялайтын сияқты. Қазір бәрібір мемлекетке өтетін болғандықтан, Назарбаев қоры тарапынан «Jysan bank-ті» барынша сорып алуға деген талпыныс байқалады» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық