Назарбаевтың ескерткішін құлатқан ер адамның арқасын үтікпен күйдірген
Талдықорған қаласында наразылық кезінде тұңғыш президент Назарбаевтың ескерткішін құлатуға қатысқан Азамат Батырбаевты уақытша ұстау изоляторында азаптап, денесін үтікпен күйдірген.
Бұл туралы белсенді Дана Жанай өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Белсендінің айтуынша, Талдықорған қаласындағы Назарбаев ескерткішін бұзуға қатысқан Азамат Батырбаевты аяусыз соққыға жыққаны, «адамгершілікке жатпайтын түрде» азаптады.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Полиция қызметкерлері Азамат Батырбаевты ұрып-соғып, денесін үтікпен күйдіріп кеткен. Сонымен бірге құзырлы органдар оны емделуіне және сауығып кетуіне қажетті, тиісті көлемдегі медициналық көмек әлі алмаған кезде емдеу мекемесінен алып кетіп, емдеуге және қалпына келтіру жағдай жасалмаған тергеу изоляторына қамады» деді Дана Жанай.
Қазіргі таңда, тергеу изоляторында Азамат Батырбаевты азаптау жалғасып жатқаны туралы ақпарат белгісіз.
Еске салсақ, халықаралық және қазақстандықтардың назарына іліккен 2022 жылдың 5 қаңтар күні бүкіл Қазақстан бойынша шерулер кезінде Талдықорғандағы наразылық білдірушілер Назарбаевтың ескерткішін құлатты. Азамат Батырбаев жүк көлігін басқарып, оның көмегімен ескерткіш бұзылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық