Назарбаевтың құдасы Қайрат Боранбаев қамауға алынды – дереккөз
фото: Orda.kz
Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев Алматыдағы қаржы мониторингі агенттігінің ғимаратына әкелінді.
Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.
Анонимді дереккөздің ақпараттарына сәйкес, кәсіпкер қамауға алынды.
«Боранбаевты Алматыда Қаржы мониторингі агенттігі ұстады. Бұл жерде Алматы департаменті емес, Астанадағы Қаржы мониторингі агенттігі бас кеңсесінің адамдары «жұмыс істейді». Қазір Боранбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жақын күндері оның қатысуымен Алматыда тергеу шаралары өтеді» деді дереккөз.
Еске салсақ, Дариға Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаев Молдованың Ұйымдасқан қылмысқа және аса маңызды істерге қарсы күрес прокуратурасына жауап беруге келмеген.
Бірақ ол Алматы облысының Іле-Алатау ұлттық саябағындағы «Аюсай» орталығына барған. Ол гидтер мен күзетшілердің көмегімен ғимаратты аралап шықты.
Алайда журналистерді көргенде тез жасырынып қалды. Orda.kz тілшісі Қазақстандағы McDonald’s фастфуд желісінің иесін суретке түсіріп үлгерді.
Еске салайық, Қайрат Боранбаев – Қазақстан ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы, «Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы және түрлі бизнестің иесі, әрі еліміздегі ірі кәсіпкер.
Боранбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасымен туысқан. Қайрат Боранбаев – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның құдасы. Боранбаевтың қызы Әлима 2013 жылы Дариға Назарбаеваның ортаншы ұлы Айсұлтан Назарбаевқа күйеуге шыққан. Айсұлтан 2020 жылы тамызда Лондонда қайтыс болды. Британдық БАҚ-тың хабарлауынша, оның өліміне кокаин себеп болған.
Айта кетейік, бір күн бұрын елден шықпақ болған кезде Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды да ұсталған болатын.
Қайрат Боранбаевтың қандай активтері бар?
Қайрат Боранбаев Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай және ең ықпалды бизнесмендерінің ТОП-50-не кіреді. Оның байлығы 519 миллион долларға бағаланады.
Ол Сержан Жұмашовпен бірге Алматыдағы Esentai Tower бизнес орталығы мен Esentai Mall сауда орталығына иелік етеді. Сондай-ақ, кәсіпкер жалпы ауданы 25 мың шаршы метрді құрайтын «Алмалы» жерасты сауда орталығының жалғыз иесі.
Боранбаевтың тағы бір танымал бизнесі – Қазақстандағы, Беларусьтегі және Ресейдің бірнеше аймақтарындағы McDonald's франшизасы.
Боранбаев ресейлік миллиардер Виктор Харитонинмен және басқа серіктестермен бірге Sputnik-V ресейлік ковидке қарсы вакцина құятын «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС-н басқарады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық