Назарбаевтың бейресми әйелі белсенді емес компаниясын 30 млн долларға сатқан - зерттеу
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейресми әйелі Әсел Құрманбаева офшордағы құпия келісім арқылы 30 миллион доллар пайда көрген. Келісімге олигарх саналатын Владимир Ким және Владимир Нидің қатысы бар. Офшордағы ақшаны жөнсіз иеленгені туралы жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) жариялады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
«Пандора құжаттары» деген атауға ие болған жаңа зерттеуде офшордағы құпия келісімдер мен жасырын келісімдер жария етілді. Зерттеуде бұрын-соңды көзге түскен ықпалды адамдар да кездеседі. Құжаттың өзі 12 миллионға жуық файлдан құралған. Ол Зерттеуші журналистердің халықаралық консорциумына тиген. Олар өз кезегінде бұл құжаттарды OCCRP-мен бөліскен.
Әсел Құрманбаева мен Елбасы (бұл атақ Назарбаевқа заңды түрде өмір бойына берілген) арасындағы қатынас ешқашан ресми расталмаған және оны ешкім жоққа шығармайды. Бірақ оның тоқал не бейресми әйел ретіндегі рөлі туралы қауесет 1999 жылы ол «Мисс Қазақстан» сұлулық байқауын жеңіп алған соң тарай бастаған. Оның екі ұлының жаңалық сайттарында жарияланған паспорт суреттерінде тегі Нұрсұлтанұлы деп жазылған. «Қазақстанда фамилия орнына әкесінің атын жазу жиі кездеседі» деп жазады зерттеу авторлары.
Құрманбаева Қазақстанда екі мемлекеттік би институтында көркемдік жетекші қызметін атқарады, балет пен ұлттық би саласында бірнеше фирма мен қорға ие. Бұл туралы OCCRP дерегінде айтылады.
Зерттеуге арқау болған құжаттарға қарағанда, Құрманбаеваның Ұлыбританиядағы Виргин аралдарында тіркелген құпия компаниясы болған. Компаниядан ешқандай бизнеспен айналыспаса да, ол компанияны 30 миллион долларға сатқан.
OCCRP бұл келісімге Назарбаевтың сенімді серіктері саналған олигархтар Владимир Ни мен Владимир Кимнің қатысы бар дейді. Зерттеушілердің жазуынша, Құрманбаева ақшаны 2010 жылы Владимир Нидің өлімінен екі ай өткенде алған. Ақша Нидің қызына өткен компаниядан түскен, ал Владимир Ким төлемнің куәсі болған.
OCCRP тілшілері осы мәселе жөнінде Назарбаевқа, Кимге, Нидің отбасына және Құрманбаеваға сауал жолдаған. Олардың ешқайсысы жауап бермеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық