Назарбаевтар отбасының кедендегі жемқорлыққа қатысы бар ма?- Вице-премьер жауабы
2022 жылы экономикалық операторлар арқылы кедендегі заң бұзушылықтар үшін бюджетке шамамен 50 млрд теңге өндірілді.
Мәжіліс алаңында Orda.kz тілшісі Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан «Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік статистикадағы сәйкессіздікке қатысты тергеу жүріп жатыр ма, жоқ па? Кеденді тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мен жақын серіктері басқарады деген қауесет шындыққа жанаса ма?» деп сұрады.
Жамаубаевтың айтуынша, құрамында Қаржы министрлігі, Бас прокуратура және басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар жұмыс тобы шекарада «көптеген заң бұзушылықтарды» анықтаған.
«Барлық анықталған фактілер құқық қорғау органдарына берілді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Және, әрине, бюджет сол тәртіп бұзушылар дер кезінде төлемеген қаржымен толықтырылады. Өткен жылы заң бұзушылардан шамамен 50 млрд теңге өндірілді», - деді Қаржы министрі.
Кеденді шынымен де Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мен жақындары бақылап отыр ма, деген сұраққа Жамаубаев «соңғы бенефициарларды өзіңіз атадыңыз» деді.
«Бірнеше экономикалық операторлар болды. Сіз өзіңіз соңғы бенефициарларды атадыңыз. Шындығында олардың саны көп. 15-тен астам экономикалық операторлар болды. Бірақ нақты қандай қылмыстық істер қозғалды және нақты қандай сома оны құқық қорғау құрылымдары анықтайды. Мен тек бюджетке түскен шамамен 50 млрд теңгеге жауап бере аламын», - деді министр.
2022 жылдың ақпанында Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік статистикадағы алшақтық 5,7 млрд долларды құрағаны белгілі болды. Оның 2,8 миллиарды жалған декларацияның салдарынан пайда болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық