Назарбаеваның рухына құран оқылып, ас берілді
Фото: ашық дереккөздерден
Алматыда демалыс күндері Қазақстанның тұңғыш президентінің келіні – Светлана Назарбаеваны жақындары еске алып, ас берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жиналғандар арасында Қайрат Сатыбалды болды. Алайда оның туған інісі Самат Әбіш шараға қатыспады.
Светлана Назарбаева – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже інісі Сатыбалды Назарбаевтың жұбайы. Ол өткен жылы қазан айында 77 жасында өмірден өтті. 1981 жылы күйеуі жол апатынан қаза тапқан соң, ұлдары Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбішті жалғыз өсірген.
Светлана Мырзахметқызы өмірін педагогика мен баспа ісіне арнады. Ол Алматы облысындағы Лепсі ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдап, педагогика ғылымы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. Еңбек жолын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастап, кейін мектеп пен гимназияны басқарған. Сегіз оқулықтың авторы.
2003 жылдан бастап «Республикалық полиграфиялық баспа кешені “Дәуір”» мекемесін басқарған.
Айта кетейік, 2025 жылдың 10 қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы президенттердің және олардың отбасыларының денсаулығы мен жеке өміріне қатысты ақпаратты мемлекеттік құпияға жатқызатын заңға өзгерістер енгізді. Ал Қазақстанда бұрынғы президент әзірге тек Нұрсұлтан Назарбаев болғандықтан, жаңа норма нақты оған қатысты енгізілгені айдан анық. Бұл заң кімнің мүддесіне қарай қабылданғаны жайлы Orda.kz тілшілері саралап көрді. Толығырақ материалымыздан оқи аласыздар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық