Назарбаева үкіметке инвестицияға қатысты депутаттық сауал жолдады
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, қазіргі мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева үкімет басшысы Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Депутат сауалының басында пандемия салдарынан туындаған жаһандық экономикалық рецессия аясында мемлекеттер арасында инвестициялар тарту үшін бәсекелестіктің артқанын айтты. Оның айтуынша, 2020 жылы Қазақстанның экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 30 пайызға төмендеген.
Дариға Назарбаева 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегия қалай жүзеге асырылып жатқанын түсіндіріп беруін сұрады.
— Стратегия жаңа инвестиция тарту үшін ең тиімді болып табылатын АКТ, туризм және қаржы сияқты перспективалы салаларды анықтайды. Елдің осы салалардағы бәсекелестік позициясы күшейтілді ме, стратегияны іске асыру жылдарында қандай негізгі инвестициялық жобаларға бастамашылық етілді? Осы есепті жылдары елдегі қазіргі инвесторларды ұстап қалу және қайта инвестициялауды ынталандыру үшін қандай нақты шаралар қабылданды?
Стратегия тиімді операциялық шараларды жүзеге асыруды және инвестицияларды тартудың жаңа тәсілдерін енгізуді қарастырады. Инвестициялық жұмыста қандай жаңа тәсілдер қолданылады, оларды тәжірибеге енгізудің нәтижесі қандай?
Стратегия инвесторлардың шағымдары мен мәселелерін сәйкестендіру жүйесін құруды көздеді. Бұл жүйе іске қосылды ма? Бұдан басқа, инвестициялық жобалардың мониторингтік жүйесі енгізілді ме, елдегі инвестициялық ахуалдың жай-күйіне жүйелі түрде талдау жүргізіліп жатыр ма? Стратегия шеңберінде оны іске асыру барысын талдауға негізделген «Қазақстанның инвестициялық ахуалының жай-күйі туралы жыл сайынғы баяндаманы» жариялау жоспарланған болатын. Осы баяндама жарияланды ма? 2020 жылы қандай негізгі тұжырымдар жасалды?, - делінген Назарбаева жолдаған сауалда.
Жаңалықтар
- «Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
- АҚШ әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазындағы миналарды іздеуге кірісті
- Түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Дениздің есірткі қолданғаны белгілі болды
- Жетісуда 23 жастағы дзюдошы қыздың өлімі: Дәрігерлер кінәлі ме?
- Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі
- Алматыға Enrique Iglesias пен Deep Purple келеді: Ал Eminem мен Shakira ше?
- Құпия жерде бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
- Мектептерде мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі
- Алматы қаласында алып ағаш құлап, көшені жауып қалды
- Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті
- Роза Рымбаева екі ұлынан бөлек тағы екі қызының бар екенін мәлімдеді
- Иранда барлық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
- Қостанайда блогер қатысқан төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады
- 44 градусқа дейін күн ысиды: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
- «Атырауға көп ақшамен барады»: Ұзату жайлы жазба желіні дүр сілкіндірді
- Құрамында ветеринар дәрігерлер де бар: Ұзақ уақыт бойы мал ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
- Оқиға орнында қаза тапты: Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тауып, екіншісі жараланды
- Шымкентте «алма бақтары» арқылы 430 млн теңге жымқырылған
- Екібастұзда дәрігер мен медбикені екі мас адам соққыға жықты
- FlyArystan Дубайға ұшатын рейстерін жаз бойы тоқтатты