Назарбаев зияткерлік мектебіндегі суицид: полиция мәлімдеме жасады
Осыдан бір апта бұрын Назарбаев зияткерлік мектебінде оқыс оқиға орын алды. Мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Алматы қалалық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов қылмыстық іс бойынша түсініктеме берді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Тергеу апат болған күні басталды.
- Бостандық аудандық полиция бөлімінде тергеу жүргізілуде. Сегізінші сынып оқушысы. Жантүршігерлік оқиға. Бұл бала отбасының ең үлкені болатын. Отбасында төрт бала. Оқиғаның мән-жайын барлығы біледі деп ойлаймын. Осының барлығы бірнеше күн бойы БАҚ пен әлеуметтік желілерде дүрлікті, - деп түсіндірді Рустам Әбдірахманов тікелей эфирде.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта іс қаралып жатыр.
Еске салсақ, 27 қазанда сабақтан кейін Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы НЗМ-нің сегізінші сынып оқушысы сабақтан кейін өмірмен қоштасты. Бостандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 105- бабы бойынша іс тіркелді.
Осы мектептің бірнеше оқушысы белдемше киіп, суицид пен сексизм мәселесіне назар аударту үшін науқан ұйымдастырған.
Кейін баланың әкесі мектеп әкімшілігіне, сондай-ақ куратор мен психологқа талап-арызының жоқтығы туралы мәлімдеме жасаған.
Балалар омбудсмені Аружан Саин «тергеу қорытындысы белгілі болмайынша, баланың мұндай әрекетіне кім жауапты екенін айту ерте» деді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық