Назарбаев Университеті ерекше мәртебесінен айырыла ма?
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университеті ерекше мәртебесінен айырыла ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді.
Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл жоғары оқу орнының мәртебесі заңмен белгіленген. Бұл ретте тек университеттер ғана емес, Назарбаев зияткерлік мектептері де ерекше атаққа ие.
«Сондықтан біз қазір заңның күшін жоя алмаймыз және өзгертпейміз де, мен сізге бірден айтамын. Біздің міндетіміз – бұл университеттің әлеуетін сақтау, ол санаулы толыққанды зерттеу университеттерінің бірі. Қазір оның төңірегінде, атап айтқанда, оқыту құнына қатысты көптеген болжамдар бар. Мен оны айтуға батылым жетеді: шын мәнінде, олар дұрыс емес. Және бұл өте күшті зерттеу университеті. Сондықтан мәртебе бойынша ештеңе жойылмайды»,- деді министр брифингте.
Ол 2022 жылдың жазында Нұрсұлтан Назарбаевты өз қорының және оған қарасты оқу орындарының қамқоршылық кеңесінің басшысы қызметінен айырған заңнамаға түзетулер бекітілгенін еске салды.
Оның орнына премьер-министр Әлихан Смайылов отырды.
«Университеттің қаржылық бөлігін де жақсарту, оның ғылыми-зерттеу әлеуетін күшейту бойынша шаралар қабылданатын болады. Өйткені мұнда тамаша база, инфрақұрылым, зертханалар бар. Енді осыны толық пайдалану керек. Сондықтан түзететін шаралар міндетті түрде болады, бірақ жалпы біз бұл университеттің мәртебесін, бағытын өзгертпейміз»,- деп қорытындылады Саясат Нұрбек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық