Назарбаев университеті 73 млрд теңгені желге ұшырды
Фото: nu.edu.kz
Назарбаев университетінде 73 млрд теңге тиімсіз жоспарланған. Бұл туралы Жоғары аудит палатасының төрағасы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл университеттегі ең негізгі кемшілік екен.
«Ең негізгі кемшіліктерді айтатын болсақ, университет әлі күнге дейін республикалық бюджеттің қаражатына тәуелді. Бұл университеттің мәртебесіне, мемлекет тарапынан берілетін көмекке және оны салықтардан босатуға қарамастан, әлі де университет 97% республикалық бюджет тарапынан қаржыландырылып отыр», - деді төраға.
Әлихан Смайылов оқу орнының республикалық бюджеттен кетіп, жеке қаржы көздеріне көшу керектігін айтты.
«Екінші мәселе – қолданыстағы заңнама университетті қаржылық есеп ұсынуға міндеттемейді. Бұл университет жұмысының ашықтығына кері әсерін тигізеді. Мысалы, аудиттің нәтижесі бойынша 73 млрд теңгеге тиімсіз жоспарлау мен тиімсіз пайдалану фактілерін анықтадық. Сонымен бірге жарты млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтарды анықтадық», - деді ол.
Жаңалықтар
- Астанада полиция туралы ролик түсіріп, жариялаған блогер жазаланды
- Әкімшілік амнистия: 300 миллион теңгеге жуық айыппұл кешіріледі
- АҚШ елшілігі: Сұхбат қазақ тілінде өтіп, 10 жылдық виза беріледі
- Паттайяда туристің шабаданынан 17 жастағы қыздың мәйіті табылды
- Алтын іздегендер жер қопаруды қояр емес – ҚМА ауқымды арнайы операцияны көрсетті
- Бюджет тапшылығы: Қазақстан халықаралық банктерден жарты триллион теңгеге жуық қарыз алады
- 30 жыл бойы заң қабылдаған Сенаттың соңғы отырысы өтті
- АҚШ пен Иран келіссөзге келді: Дохада өтетін кездесуге дейін Ормуз бұғазындағы шиеленіс бәсеңдеуі мүмкін
- Соққыдан аударылды: Алма-Арасан шатқалында жол апатынан бірнеше адам зардап шекті
- Албанияда ұсталған қазақстандық экстрадицияланды: ҰБТ-ға «кепілдікпен түсіремін» деп 28 млн теңге алған
- Алматы облысында жоғары технологиялық есірткі зертханасы әшкереленді
- ӘЧ-2026: Месси, Мбаппе және Роналду плей-офф кезеңінде бақ сынайды, шешуші кезең басталды
- Иран мен АҚШ бір-біріне шабуыл жасамауға тағы да уәде берді
- Энергетика министрлігі екі өңірде автогаз тапшылығы бар деген ақпаратты жоққа шығарды
- Мереке қарсаңында БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер берілді
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Ұсталған жасөспірімдер үйқамақта болады
- Еуропада аптап ыстықтан бағдаршамдар еріп жатыр
- Ақтаудағы автомобильге газ құю бекетінде ұзын-сонар кезек
- Алматы – Ташкент жолында мотор майын тасымалдаған жүк көлігі аударылып, өртенді
- Елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні