Назарбаев әулетінің жерлері тартып алына бастады
1992 жыл. Назарбаевтар жанұясы
Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтандағы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әулетіне тиесілі жерлерді тартып алу басталды.
Бұл туралы «Сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросы» хабарлайды.
«Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан орталығындағы жердің бір бөлігі Назарбаевтардан тартып алынды. Көптеген оқырмандар бізге Астанадағы «Т.Құлыбаев атындағы арал» деп аталатын жердің координаттарын жіберді.
Құжаттарды тексеру кезінде бұл жер сонау 1993 жылы Назарбаев Болат Әбішұлының атына беріліп, Б.Назарбаевтың ұлы (1983 жылы дүниеге келген) Нұрбол Болатұлына 2014 жылы қайта ресімделген, ол тиісті мемлекеттік мекемеде тәркелген.
2022 жылдың 28 қаңтарында олар Назарбаева Кұндыз Болатқызының атына (1976 ж.т.) жер учаскесіне құқықты қайта ресімдеуге әрекеттенген. Бірақ 2022 жылғы 7 ақпанда бұл учаскеге меншік құқығы жойылған» делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімі болған Виктор Храпунов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев арасында Алматы қаласындағы фельдшерлік-акушерлік пункт учаскесін сатып алу – сату шарты жарамсыз деп танылды.
Жер учаскесін сатып алу – сату шарты 2003 жылы жасалған.
Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Тимур Құлыбаевқа қарасты «KIT Group» ЖШС пен Алматы қаласының әкімі Виктор Храпунов арасында жасалған жер телімін сату-сатып алу туралы шартты жарамсыз деп таныды.
Алқаның шешімі 9 наурызда қабылданды.
«Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен экономикалық соттың 2021 жылғы 29 қарашадағы шешімі осы іс бойынша Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы КММ-нің Алматы қаласының аппаратына «КИТ групп», ЖШС Enterprise Development Group ЖШС Алматы әкімі Виктор Храпунов және «КИТ Групп» ЖШС арасында жасалған жер учаскесін сатып алу-сату шартының жарамсыздығын тану туралы талабын қанағаттандырудан бас тарту бөлігі өзгертілді және күшін жойды» деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық