Назарбаев әулеті Дубайда жүр, Самат Әбішке ордер берілген – депутат
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым сұхбат беріп, Назарбаев әулеті, референдумнан кейінгі өзгерістер, суперпрезиденттік жүйеден бас тарту туралы пікір білдірді.
Депутат референдум ойдағыдай өткенін айтты. Айдос Сарымның пікірінше, референдумға көпшілік өз еркімен дауыс берген.
– Референдум ойлағандай өтті деп ойлаймын. Өтірік дауыс беру туралы көп дерек жоқ. Бірінші күні прокуратураға 7 шағым түскен, бір облыстан бесеу, басқа жақтан екеу деген сияқты. Бұрынғыдай 1500 адамды залға жинап, әңгіме айту деген болған жоқ. Жалпы Мәжіліс депутаттары күніне 500-ден астам жиын өткізіп тұрды. Көпшілік елдің жақсы жаққа өзгергенін қалайтынын айтып, ұнасын, ұнамасын дауыс беруге барамыз деді. Екінші мәселе, бұл Конституциялық өзгерістерді парламентте де қабылдауға болатын. Меніңше, президентке керегі екінші Республика деген концепция, - деді ол.
Сондай-ақ, депутат Назарбаев әулетінің қайда екенін айтып, экс-президенттің не үшін референдумға дауыс беруге келгенін жеткізді.
Қазақстаннан шыққан үш мыңнан астам адам Дубайдағы1 млрд доллардың мүлкін иеленіп отыр деді. Бізде миллиардерлерге қызмет ететін пысықайлар бар. Сол сияқтылар шығар азаматтық алған. Назарбаев әулетінің біразы Дубайда жүр. Шәріпбаевтың, Сатыбалдының әңгімесі бар. Естуімше, «Самат Әбішке ордер беріліпті» деген әңгіме бар. Әрине, бір-екі туыстарың қылмысты болса, мүлкі тәркіленсе ұнамайды ғой. Олар да ойланып, күдіктенеді. Нұрсұлтан Назарбаевқа Конституциядан Елбасы атағын алып тастағаны жүрегіне бататын шығар. Бірақ біреуге ұнасын, ұнамасын бір сөз айтайын. Нұсрұлтан Назарбаев – Қазақстан тарихының мызғымас бір бөлігі. Осы мемлекет қалатын болса Назарбаевтың аты аталады. Саясат деген ақ пен қараның қақтығысы емес, әлем түрлі-түсті, - деді Сарым.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық