Назарбаев Ұйғыр ауданының атауын өзгертуге қарсы болды
Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталов неліктен Ұйғыр ауданының атауы өзгермегенін түсіндірді.
Бұл туралы экс-шенеунік журналист Аман Тасығанның YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.
Облыстың бұрынғы басшысының айтуынша, бұл мәселе қайта-қайта көтерілген. Ол тұрғындардың өтініштерін Назарбаевқа да, Тоқаевқа да айтқан.
– Нұрсұлтан Әбішұлы: «Қазақ, орыс, ұйғыр облыстары жоқ, уақыт келеді – өзгертеміз. Қазір уақыт емес». Бізде нұсқалар болды. Жеке өзім қарсы емес едім, керісінше қолдадым. Ауданның атын өзгертемін деген уәде болған жоқ. Мен жергілікті тұрғындарға тек олардың өтініштерін ел басшылығына жеткіземін деп уәде бердім. Бұл бойынша түпкілікті шешімді, әрине, мемлекет басшысы қабылдайды, – деді Амандық Баталов.
Ол әкім болған кезінде Ұйғыр ауданында қазақ жазушылары мен қоғам қайраткерлерінің есімімен аталатын бірнеше көше пайда болғанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық