Назарбаев өзінің туыстары, қаңтар оқиғасы және Кәрім Мәсімов туралы айтты
Коллаж Orda.kz
Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Тұңғыш президенттің кеңсесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың елдегі саяси жағдайға байланысты көзқарасын сұрау үшін бірнеше сұрақ жолдаған.
Әшімбаевтың ақпаратына сәйкес, Назарбаев саясаттанушыға телефон арқылы өзі жауап беруді жөн санаған. Әйтсе де, telegram-арнасына сұхбаттың мәтінін жүктеген Данияр Әшімбаев визуалды (фото/видео/аудио) ақпарат ұсынбады.
Сұхбат не туралы?
Экс-президент заңсыз байып кетті деп айыпталған туыстарына, қаңтар оқиғасына және Назарбаев университетіне қатысты ұстанымын нақтылады.
«Олар жауапқа тартылуы керек»
Рейдерікпен айналысып, заңсыз байыды деген Назарбаевтың туыстарына қатысты ақпартқа да Елбасы жауап беріп, заңның барлық адам баласына ортақ екенін айтқан.
«Егер менің туыстарымның бірі заң бұзғаны үшін менің атымды жамылса, жауапқа тартылуы керек. Кінәсі сотта дәлелденуі керек. Әрбір азаматтың құқықтық қорғануға құқығы бар екенін ұмытпауымыз керек» деді ол.
Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевті де тілге тиек етіпті.
«Менің ойымша, Рахат Әлиевтің оқиғасы бәрінің есінде. Ол қызымның күйеуі болған. Маған ұлымдай еді, менің немерелерімнің әкесі болды. Бірақ мұның бәрі мемлекеттің заңсыз әрекеттеріне көз жұмып отыруына себеп болған жоқ. Қазақ әділдігі оны соттады. Бірақ ол қашып құтылып, өмірінің соңына дейін жасырынып жүрді. Талайсыз тағдыр. Мен президент болған жылдары халқымыздың еңбегі зор. Кейбір адамдар оны ұмытты. Халықтың дана екеніне және бәрін есте сақтайтынына сенімдімін» деп жауап берді Назарбаев.
Қаңтар оқиғасы туралы
«Осы төңкеріс пен кісі өлтірулерді ұйымдастырудың артында кім тұрғанын анықтау маңызды. Тергеу бұл сұраққа жауап беретініне сенімдімін. Бүкіл елде дайындалып жатқан толқулар туралы тиісті құқық қорғау органдарының неге білмегенін немесе білгісі келмегенін түсіну керек.
Ол кезде мен үшін президентімізге жан-жақты қолдау көрсету, түрлі қауесеттер мен болжамдарға үн қатпау маңызды болды. Оған еліміздің Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының өкілеттіктерін бердім. Бұл - ең нашар сценарийдің алдын алған президенттің шешуші әрекеттері».
Назарбаев Университеті және Кәрім Мәсімов туралы
Назарбаев Университетіне қатысты сын және оған жетекшілік ететін қордың рөлі туралы сұраққа Назарбаев Қоры Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептердің қызметін қаржыландыру үшін ғана құрылған коммерциялық емес ұйым екенін атап өтті. Қор тек білім берумен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік, мәдени, халықаралық және қайырымдылық шараларымен де айналысады.
«Назарбаев Университетін құру жоғары білім берудің жаңа стандартын қалыптастыру үшін менің бастамам болды. Бүгінде ол Қазақстанның ғана емес, Азияның жетекші университетіне айналды. Бұл мақтануға тұрарлық нәрсе. Университет өзінің тиімділігін дәлелдегенін атап өткім келеді, сондықтан біз осы тиімді білім беру моделінің тетіктерін қабылдап, еліміздің басқа университеттерінде қолдануға тырысуымыз керек. Бұл процесс қазір қолға алынды» деді экс-президент.
Назарбаев Университетінің қаржылық менеджменті, оның инвестициялық қызметі, оның ішінде еліміздің жекелеген қаржы институттарымен байланысты қызметімен тікелей университеттің Қамқоршылық кеңесі айналысады. Кеңес төрағасы болып сол кезде премьер-министр болған Кәрім Мәсімов келген.
«Осылайша, оның құзыретіне университеттің де, сондай-ақ, тиісті құрылымдардың да, оның ішінде жекелеген қаржылық ұйымдардың да қаржылық қызметі кірді.
Қазір Кәрім Мәсімовтің үстінен тергеу жүріп жатыр, менің ойымша, құқық қорғау органдары оның жұмысының бұл тұсын да реттейді» деп жауап берді Назарбаев.
Алдағы жоспарлар туралы: «Саясаткерлердің бірі келіп, бірі кетеді»
«Менің ойымша, саясаткер отставкаға кеткеннен кейін олардың не істейтіні маңызды емес. Саясаткерлердің бірі келеді, бірі кетеді, бірақ халық пен ел қалады. Ең бастысы, еліміздің одан әрі дамитыны және алда бізді қандай өзгерістер күтіп тұрғаны.
Менің президенттік қызметімде біз барлық жақын көршілерімізбен, Батыс әлемінің елдерімен сенімді қарым-қатынас орнаттық. Біз халықаралық саяси аренада құрметке иеміз және бізде ешкіммен қандай да бір қақтығыс жағдайына болмашы алғышарттарымыз жоқ.
Мен отставкаға кеткеннен кейін маған көптеген мемлекеттердің басшылары хабарласып, мені өз елдеріне шақырды. Мен олардың барлығына ризамын. Олардың кейбірімен байланысып тұрамын.
Менің тікелей қатысуыммен құрылған Еуразиялық экономикалық одақ, Түркі мемлекеттері ұйымы мені осы ұйымдардың құрметті төрағасы етіп сайлады. Менің қорымның жұмысы да назар аударуды қажет етеді.
Мен жаһандық ядролық қауіпсіздік мәселелеріне уақыт бөлуді жалғастырамын. Менің Жарлығыммен Семей полигоны жабылып, біз ядролық арсеналдан бас тартқаннан кейін Қазақстан ядролық қарусызданудың көшбасшысы ретінде танылды.
Сонымен қатар, мен өмірім мен қызметім туралы естеліктермен айналысамын. Менің бүгінгі ойым, тілегім, дұғам - Қазақстанның амандығы, тұрақтылығы мен гүлденуі. Ұрпақтарымыз бізден де көп жасасын!» деп қорытындылады Назарбаев.
Жаңалықтар
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады