Назарбаев тарихи сәт туралы айтты
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жақындап келеді. Осындай айтулы оқиғаға қатысты бүгін тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мақала жариялады. Ол «Тәуелсіздік тағылымы» деп аталады. Елбасы мақаласында алып одақ экономикасындағы мүшкіл жағдай туралы айтқанын есіне алды.
– КСРО-да болған алғашқы демократиялық сайлаудың нәтижесінде іріктелген халық депутаттарының І съезі 1989 жылдың мамыр-маусым айларында өтті. Бұл кезде мен Республика Министрлер Кеңесі төрағасы болатынмын. Алып одақ экономикасында орын алған мүшкіл жағдайды ашық айтуға тура келді.
– Кремльдің Съездер сарайы трибунасынан мамырда сөйлеген сөзімді қаз-қалпында келтірер болсақ, онда былай деген екем: «...Қызметтік міндетім бойынша практикалық экономика мәселелерімен айналысып жүрген менің айтарым: біз бүгінде ел экономикасындағы шынайы жағдайды нақты білмейміз. Өздеріңіз ойлап көріңіздер: КСРО Мемлекеттік статистика комитеті деректері бойынша, елдегі азық-түлік өндірісі артқан, бірақ сөрелер бос. Жоспарлар орындалуда, ал экономика ахуалы нашарлап барады. Неге? Мұндай «негелер» тым көбейіп кетті. Түптің түбінде экономикадағы дағдарыстың қаншалықты тереңдеп кеткенін анықтап, оны еңсерудің айқын жолын табуымыз керек-ақ, - деп жазды Назарбаев.
Назарбаев шикізат ресурсына бай республикамыздың әлеуметтік дамуында ведомстволық өктемдік кесірін тигізгенін айтқан. Сол сәтте Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Г.В.Колбиннің өңі сұп-сұр болып кеткен екен.
– Әрине, екі күннің бірінде «қайта құру», «бетбұрыс», тіпті «жеделдету» деп ұрандатып жатқан М.Горбачевқа «он екінші бесжылдық тоқыраудың ең нашар дәстүрі негізінде жасалды» деген сөз ұнай қойған жоқ. Тіпті регламентпен шектегісі келгендей сыңай танытты. Бірақ залдың дүркірете қол соққаны оның мені тоқтатуына мүмкіндік бермеді.
– «Шешінген судан тайынбас» дегендей, енді тартынып қалуға болмайтынын сезгендіктен, Қазақстанда қалыптасқан ауыр жағдайды да айтуға тура келді: «Ведомстволық өктемдік әлемдік нарықта зор сұранысқа ие шикізат ресурсына бай республикамыздың өз әлеуметтік дамуында ауыр хәлге түсуіне, экологиялық дағдарыс шегіне келіп тірелуіне әкеп соқтырды. Ыдыс-аяқ дүкеніне кіріп кеткен пілдің кебін киген министрліктер Аралдың түбіне жетіп тынды. Екібастұз даланы күлге бөктіруде. Мұнай өндіріп жатқандарға оның түк қайыры болмай тұр. Түрлі полигон үшін малшылар өрістерінен айрылды, ал оның өтемі туралы мүлде сөз жоқ». Сөзімді аяқтап, залға қарасам, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Г.В.Колбиннің өңі сұп-сұр болып кеткен екен. Бірақ ел мүддесі, халық тағдыры талқыға түскен мұндай сәттерде аянып қалуға болмайтын еді, - деп жазды Елбасы.
Назарбаев сол сәтте батылырақ қимылдауы үшін бүкілхалықтық мандат керек екенін, әліптің артын баққанын еске алды. Өзінің айтуынша, президент болу қанат бітіріп, еркін қимылдауына жол ашқан.
– Саясаттың қыза түсіп, Горбачев пен Ельциннің текетіресі шегіне жетіп, бір кездері темірдей тәртіпке негізделген орталықтағы басшылықтан береке кеткен сол тұста Қазақстан тарапынан жіберілген жалғыз қателіктің өзі орны толмас трагедияға әкеп соқтыруы әбден мүмкін еді.
– Біз ашуды ақылға, асығыстықты сабырға жеңдіріп, үнемі әліптің артын бағып, аңысын аңдумен болдық. Маған батылырақ қимылдау үшін бүкілхалықтық мандат керек еді. Осылайша 1991 жылдың 1 желтоқсанында ел тарихындағы тұңғыш Президенттік сайлау өткізіліп, онда халықтың 98%-дан астамы қолдау білдірді. Бұл маған қанат бітіріп, еркін қимылдауыма жол ашты.
Жаңалықтар
- «Ақша үшін емес»: Томиристің анасы Пакты не үшін кешіргенін айтса, әкесі 100 млн теңге талап етті
- Кедендік рәсімдерді жеделдету үшін заңсыз делдалдық қызмет көрсететіндер ұсталды
- 368 млн теңгенің плиткасы: Павлодарда скверді жөндеу сметасынан күмәнді шығын шықты
- ІІМ дрон операторларын оқытып, әуеден әрекет етуге дайындайды
- Әл-Фарабидегі апат: Прокурор Пакқа 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Ақмола облысында 221 млн теңге табысқа кенелген заңсыз вейп саудасы тоқтатылды
- Нұрлан Өнербаевтың анасы дүниеден озды
- Қатарда зауытта жарылыс болып, 50-ден астам адам зардап шегіп,18 жұмысшы жоғалып кеткен
- Екі күнде 19 медаль: Еліміздің спортшылары халықаралық аренада шеберлігін дәлелдеді
- АҚШ пен Иран мәмілесі: 60 күн ішінде келісімге келу жоспары бекітілді
- Астана маңындағы жол апатынан екі жол талғамайтын көлік өртеніп, бес адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран бітімге келе қоймады: Трамптың қоқан-лоққысынан шаршаған Тегеран наразылық білдірді
- Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай әлем кубогында топ жарды
- Ақтөбеде қатты дауыл үйлердің шатырын ұшырып, жабындыларды жұлып алды
- Берлин жұрты Шпрее өзенінде шомылуға салынған 101 жылдық тыйымға қарсы шықты
- Қазақстан – сенімді одақтасымыз: Мемлекет басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады
- Қылмыстық жауапкершілік 12 жастан: Еуроодақ елдерінде жасөспірімдерге жаза қатаймақ
- Ақмола облысында полиция заңсыз айналымнан 30 миллион теңгенің синтетикалық есірткісін тәркіледі
- Ормуз дауы: АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз 21 маусымда Швейцарияда өтеді
- Назым Қызайбай Қытайда өткен бокстан Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды