Назарбаев тайм-аут алып, ел басқарудан бас тартты – Чеботарев
Фото: life.ru
Саясаттанушы Андрей Чеботарев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнайы арнаған бейне үндеуі жайлы талдау жасады.
– Әрине, бұл сенсациялық үндеу. Ұзақ уақыт бойы оның қайда екенін, жалпы не болып жатқанын түсіне алмадық және бұл көптеген нұсқалар тудырды. Бірінші әсер: Нұрсұлтан Назарбаев қаңтарда болған жағдайдың барлығына қатты таң қалды. Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен, оның мұрагерімен де, басқарушы элитадағы адамдармен, оның ішінде қазірдің өзінде тұтқындалған ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовпен де айла-шарғы жасауға мәжбүр болуы мүмкін. Осындай жағдайда Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін ең тиімді шешім қабылдағанға ұқсайды, - деді Андрей Чеботарев.
Саясаттанушы Елбасының бейнеүндеуінде Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырғанын тағы да растағанын атап өтті.
– Біз оның шын мәнінде ел басқару ісіне қатысудан бас тартуға дайын екенін көріп отырмыз. Қасым-Жомарт Тоқаевқа сын сағатта Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметін тапсыруы да осының айғағы. Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының төрағалығын мемлекет басшысына тапсыратынын растады. Тұңғыш президент отбасының жекелеген мүшелері ел басшылығының шешімімен өз бетінше қызметтерін тастап кеткенімен келісті. Енді оның мүддесі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты, ең болмағанда, елдегі тәртіпті қалпына келтіру тұрғысынан қолдау болса керек, - деп түйіндеді сөзін Андрей Чеботарев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық