Назарбаев тәуелсіздік тағылымы туралы мақаласымен бөлісті
Фото: myseldon.com
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласын жарыққа шығарды.
Ол Қазақстанның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты Тәуелсіздіктің тағылымы туралы өз ойымен бөлісуді маңызды санаған.
Назарбаев сондай-ақ, азат Қазақстанның перзенттері тәуелсіздікке жету жолымыз қандай сынақтардан, құрбандықтар мен қиындықтардан өткенін білуі керек: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, азамат соғысы, ашаршылықтың екі толқыны, қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы, жаппай көші-қон. Бұл жастар өткен тарихты ардақтап, одан дұрыс сабақ алуы үшін қажет. Сондықтан да ол: «Тәуелсіздік – ата-бабамыздың қанының құнына мирас болып қалған басты киелі ордамыз» деп атап өтті.
«Еңбек – адамды қиын жағдайдан құтқарып, жақсы өмірге бағыттайтын ұлы күш, бұған жастайымнан көзім жетті. Сондықтан да жастарға «Еңбек ет, отбасыңды асыра, елге қызмет ет: бұл жеке табыстарыңды да, Отанның игілігін де арттырады» деп қайталаудан жалықпаймын» деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мақалада тәуелсіз Отанымыздың басты байлығы – халық екені атап өтілді. Сондай-ақ, ол шетелде жүрген қандастарымызды елге тартуда қандай шаралар жүзеге асқанын айтты.
«Дүние жүзінде елдің бүкіл халқының саны миллион адамнан аспайтын көптеген елдер бар. Ал, осындай қаншама бұғауларды шетелден қоныстандырып қана қоймай, оларды баспанамен, жұмыспен қамтамасыз етіп, балаларын оқыттық. Ендеше, алдағы уақытта да жалғасын табатын бұл жан-жақты қолдау тек Тәуелсіздіктің арқасында жүзеге асқанын ұмытпауымыз керек» деп өз ойымен бөлісті Елбасы.
Сондай-ақ ол отыз жылдың ішінде қаншама әріптестермен кездесіп, көптеген лайықты кадрларды тәрбиелеп, талай шәкірт тәрбиелеу бақытына ие болғанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық